«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

03.08.2020

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

 

Құрметті оқушылар «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:

Жоспар

I. Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

жағдаяттар

II. Зиянды әдеттер (мұғалім)

III. Медбике кеңесі.

IV. Денсаулық - зор байлық.(сұрақ - жауап)

V. Сергіту сәті.

VI. Қорытынды.

 

Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

 

Оқушылар жауабы.

Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.

«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.

Өзімнен өзім сыр таптым,.

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Істеген ісіме өкінем.

Ұмытайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

 

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?

2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?

Келесі бөліміміз жағдаяттар

 

1 жағдаят:

Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.

Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

 

2 жағдаят:

Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

 

3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

 

5 жағдаят: Саған 9 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

 

II. Зиянды әдеттер (мұғалім)

Слайд пен плакаттар арқылы оқушыларға мағлұматтар беру.

 

III. Медбике кеңесі. (оқушылар сұрақ қояды)

- Қазіргі кока-кола, чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

 

IV. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап кезеңі.

1 – топқа:

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

 

2 - топқа:

1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

 

V. Сергіту сәті.

Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.

 

VI. Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст