Мақсаты:Түрлі-түсті қағаздардан әшекей жасап уйрету,түстерді ажырата білу.
Ұйымдастырушылық-ізденістік: Балалар бүгін жаңа жыл жайлы айтамыз. Шынжыр жасап үйренеміз.
Тәсілдері: «Шаттық шеңбері»,сұрақ-жауап,түсіндіру, өзіндік жұмыс, қағаздардан әшекей жасау. Керекті –жабдықтар:көрнекі суреттер,карточкалар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы,желім. Сөздік қор: .Шынжыр.Жаңа жыл.Мотивациялық-қозғаушылық
1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.
Армысың алтын күн!
Армысың жер ана!
Армысың достарым!
Армысың апайларымІ
Жылуыңа жылу қос.
Міне менің қолым...
2. «Қандай түс»ойыны.
Мақсаты:түрлі-түсті қағаздарды көрсете отырып,қандай түс екенін табу.
1.Сұрақ-жауап.
Балаларға сұрақтар қою.
-Балалар топта қандай заттарды көріп тұрсыңдар?
-Олардың түсі қандай?
-Олармен не істеуге болады?
Желім,қағаздарды қолдана білуге үйрету.Қайшыны қалай ұстау керегін айту. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Үлестірмелі тапсырмалар беріледі. Балалар карточкадағы шынжырдың суретімен танысады.Олардың қалай жасалатынын көреді.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ыршып-ыршып секірді.
4. Түрлі-түсті қағаздарды қию, желімдеу,шынжыр жасау.
Мақсаты: Қағаздардан көптеген нарселер жасалатынын түсіндіру, Қағазды пайдалана білуге бейімдеу, шынжыр жасап үйрету.
Рефлексиялық-түзетушілік
1.Бүгін не істедік?
-Қандай ойын ойнадық?
-Қағаздардан не істеуге болады?
2.Балалар жұмысына талдау жасап,мадақталады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа жыл туралы. Шынжыр жасауды.
Игерді: Шынжыр жасау арқылы ептілікке,шеберлікке,жан-жақтылыққа.
Тапсырманы ұқыпты орындай алады.