«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүрек жылуы»

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы»
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: мейірімділік, кайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;камқорлық жасауға жетелеу; мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: үнтаспа, , дәптер, оқулық, магнитті күннің көзі, таяқшадағы жүрешелер.
Ұйымдастыру сәті: 1)Амандасу
2) Психологиялық дайындық 
. Шеңбер құрып бір-бірімен амандасып,жақсы тілек тілеу
3) Өткенге шолу.
4)Тақырыпты ашу
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан 
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір –біріне мейірімді, қайырымды махаббатқа жылы сезімге толы екенін жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Ынталандыру.
1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар сұрақ бойынша жауап береді
Дәйексөз: Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді?
“Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан”
Тапсырма: Қандайда адам жақсы сөз айтатын адамдар екенін жазу.Соны анықтай отырып гүлдің күлтешесіне жазып ілу.
Жағдаятты талдау:
Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу
1топ:Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің...
Сен аулаға ролик тебуге шықтыңал досыңның ролигі жоқ...
2топ:Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті..
Сергіту сәті: «ШАТАСПА» ойыны
Ойынның мақсаты: Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: Текше
Ойын барысы: Тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту, мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін еске түсіреді.
Мұғалім тәуліктің әр түрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: Мұғалім бір балаға текшені беріп, «Таңертең» десе текшені алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін текшені екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып, шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе, келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Сонымен қатар, сабаққа қатысқан ата-аналармен де ойын жалғастырылады. 
Шығармашылық жұмыс
Өздеріңнің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу.
Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді.
Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жан жылуы кімдерге , нелерге
Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады.
Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Күн шықты ойыны
Ойын мақсаты: Жамандықтан жиренуге, жақсылыққа үйренуге талпындыру.
Балалар көрдіңдерме күніміз дөңгеленіп, шуағын шашпай тұр, біз оған көмектесейік. Ол үшін жүрегі жылы адам не істеуге болмайтынын айта отырып, әр бір шуағын жапсырайық.
Жүректен жүрекке.
Қайырымды жандар айнала,
Мысалы: Анасы - балам мен сеннен үлкен үміт күтемін, әр қашанда жүрегің жылы, адал азамат бол.
Баласы – ана мен сізді жақсы көремін, әр қашанда қасымда болыңыз – деп бір-біріне тілегін айтады.
Аппақ адал жүректен
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Дәптермен жұмысЖүректерін жандандыруға стикер жапсыру.
Қорыта айтқанда:
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады: 
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет! 
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет! 
- Менің жылы жүрегіме рахмет! 
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет! және т. б.

Ән орындау. "Анашым" Бота Бейсенованың

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 22.11.2019 09:01
Құрылған күні: 22.11.2019 09:11

Текст