МАҚАЛ-МӘТЕЛ САЙЫСЫ.
3-4 сыныптарға арналған
Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал-мәтел»
Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
МахмұтҚашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Ал енді сайысымызды бастайық.
Шарты:Топқа бөлінеміз.
І топ «Сұңқар».
ІІ топ «Тұлпар».
ІІІ топ «Тапқырлар».
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
- Мақал-мәтелдер деген не?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?
- Мақал-мәтелдерді кім шығарады?
ІІІ.Аудармашылар сайысы.
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.)
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.)
Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.)
Оқу–білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.)
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.)
Ү. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқұлт, жоқ.
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж
1.Тілін біл,жетітүрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,сонны іледі, не көрсе
3. Мектеп, білім-теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.
1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда сонны іледі.
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .
1.Білекті бірді жығады ,білімді мыңды жығады
2.Отан - оттан да ыстық.
3.Досы көпті жауалмайды,ақылы көпті дау алмайды.
ІҮ. Сурет сайысы.
Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
Ү. Қорытынды. (толғаныс)
1.Бүгінгі сайыссендергеұнадыма?
2.Сайыс қалай өтті?