Тақырып:«Сүйіспеншілік- өмір негізі».
Құндылық: сүйіспеншілік.
Қасиеттер:адалдық, риясыздық.
Сабақ мақсаты:балалардың жүрегіндегі анасына, айналасындағыларға деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақ міндеті: «жақсы көру», «құрмет тұту» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың ұзақтығы 25-30 мин.
Көрнекіліктер: слайд, түрлі-түсті карточкалар, хат.
Дәйексөз: «Мейірімділікті анадан үйрен» халық даналығы
Сабақ барысы :
(Балалар үш топқа бөлініп отырады)
1-ші топ- «Сүйіспеншілік» тобы
2-ші топ- «Мейірімділік» тобы
3-ші топ – «Жақсылық» тобы
Тәрбиеші:
–Балалар, бүгінгі ерекше оқу қызметімізді бір-бірімізге жүректен шыққан ізгі тілектер айтудан бастайық (балалар жүрекшені бір-біріне беру арқылы сүйіспеншілік тілектерін айтады).
Тәрбиеші: - Балалар, отбасымызда бізге ең мейірімді, ең қамқор, ең жанашыр кім деп ойлайсыңдар? Әрине анамыз. Анамыз біздің шуағын шашқан –күн! Ол тек біздің өзіміздің ғана анамыз. Аналарымызды өте жақсы көреміз.Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен пайда болады. Ананың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Ал, елімізде аналардың анасы, барлық балаға мейірімін төккен ерекше жан бар екен. Ол – Сара Алпысқызы Назарбаева. Сара Алпысқызы- барлығымыздың үлкен анамыз. Ол өте мейірімді, жаны жомарт, қамқор адам. Әрқашан жақсылық жасаудан шаршамаған жан. Өздерің сияқты кішкентай бүлдіршіндерді қатты жақсы көргендіктен, оларға үнемі қайырымдылық жасайды. Балабақша, мектептер салып береді. Сырқатынан емдедеті. Айта берсек, өте көп. Енді бүгін сол анамыздың туған күні екен.Ендеше Сара анамызды туған күнімен құттықтап, әдепті, қамқор, мейірімді балалар екенімізге сендірейік.
(Слайд көрсетіледі)
Дәйексөз
«Мейірімділікті анадан үйрен»
халық даналығы
Осы дәйексөзді қалай түсінеміз? (Тәрбиеші түсіндіреді)
Тәрбиеші: Қазір мен сендерге «Ана махаббаты» деген өсиет әңгімені айтып беремін.
-Қане, бәріміз отырып мұқият тыңдайық.
Бірде балалары дауласып анасының алдына келеді. Бұл «Анамыз кімді ерекше жақсы көреді?» деген сұрақ еді.Ана балаларын үнсіз тыңдап қолына шырақты алып, оны тұтатты.
- Міне, шырақ - бұл мен! Оның жалыны - менің махаббатым! Содан кейін ол тағы бір шырақты алып, оны тұтатты. - Бұл менің тұңғышым, мен оны тұтаттым,ол жарқырап жанып тұр.Тағы бір шырақты алып тұтатты-бұл екінші балам. Оны да тұтаттым. Ол да жана бастады.Бұл шырақтарды тұтатқанмен менің отым азайды ма , қараңдаршы,- деп өз шырағын көрсетті. Менің шырағымның жалыны сол күйінде қалды. Менің сендерге махаббатым да осы шырақтың жалыны сияқты. Барлығыңа тең бөлінеді, бірақ еш азаймайды. Сонымен, ана қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Оның шырағы үлкен әрі жарқырай жанып сол күйіншетұра берді ...
Сұрақтар:
Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.- Балалар, біз де шынайы көңілімізбен біздің ардақты анамыз Сара Алпысқызының туған күніне арнап сыйлық дайындайық. Ол үшін әр топ түрлі-түсті хатқалтаның біреуін таңдап алып, ішіндегі тапсырманы орындауымыз керек .
Қызыл түсті хатқалтада - «Асыл жүректі ана» сөзі жазылған пазлдардан жүрек құрастырады.
Сары түсті хатқалтада - «Мейірімі күндей шуақты ана» сөзі жазылған пазлдардан күнді жасай отырып, жылы лебіздерін айтып,сәулесін құрастырады.
Жасыл түсті хатқалтада - «Гүлдей жайнап жүріңіз» сөзі жазылған пазлдардан әдемі гүл құрастырады.
Балалар, Сара Алпысқызының бүгін туған күні болғандықтансыйлығымызбен қоса өлең шумақтарын арнайық (әр топтан бір баладан шығып тақпақ айтады)
Өзіңіз дана тұлғасыз,
Біз үшін дара туғансыз.
Мейірімді көзбен қарайсыз,
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің,
Ұлан байтақ далаға.
2-бала:
Сара апа, қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз,
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып,
Әрқашан да алдыңызда бас иеміз.
3-бала:
Бар баланың тірегі,
Өте жылы жүрегі.
«Өзін-өзі тану» білімін,
Баршамызға сыйлаған- Сара апаның
Орындалсын, барлық арман, тілегі.
Пошта бөлімінен пошташы келіп, Сара Алпысқызының балаларға жазған хатын әкеліп табыстайды.
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы қандай керемет тосын сый. Сара апамыз сендерге арнап хат жолдапты. Қәне, хатты ашып оқып көрейік:
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін». С.А.Назарбаева
Тәрбиеші: -Қандай керемет сөздериә, балалар?Ендеше Сара апамыздың бізге деген риясыз сүйіспеншілігіне, жылы сөздеріне зор алғысымызды білдіреміз.Демек, сүйіспеншілік таныту дегеніміз- жылы жүректен шығатын ең асыл қасиет, асыл құндылық. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сыйды талап етпейді. Ол-адамға берілген сый. Сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. Жүректеріңде мейірімділік болса тамаша азамат болып өседі екенсің. Әрқашан бір-бірімізге қамқор, мейірімді болайық! Ендеше, балалар,Сара Алпысқызына және барлық аналарға арнап ән орындап берейік.
Ақ мамам
Сөзін: Фариза Оңғарсынованікі
Әні: Айжігіт Асановтікі
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім дейтін.
Қайырмасы:
Ақ мамам, ақ мамам!
Құлыншағым, күнім дейтін.
Ақ мамам, ақ мамам!
Құлыншағым, күнім дейтін.
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе мен де,
Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы әсерлерімізді жүрегімізге түйіп алайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін». С.А.Назарбаева