«Берекелі мерекелі - Алтын Күз !»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы  білімдерін бекіту.Табиғат әсемдігін эстетикалық түрде сезіну. Күз көрінісі ән,би,ойын арқылы дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу,қорғау,аялау сезімдерін қалыпптастыру.

Көрнекіліктер: Жемістер,көкөністер муляждары.

Тәрбиеші:Келлді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өңімді ісімен

Таңдандырып халқын күз

Армысыздар балалар!

Бүгінгі  «Берекелі мерекелі Алтын Күз !» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жанали: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала- бай дала

Алтын астық айнала.

Амина: Ел егінді жинайды

Қырманға дән симайды.

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала.

Дарина: Астық –дала сәулеті

Астық –Отан даулеті.

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала.

Қыздардан би « Құлпынайға барамыз.»

Наби: Дождик льёт,старается

Хоть его не просят

Солнце в тучах мается

Значит это осень.

Арлан: Сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнің айтып

Құс кетті қайтып

Жанайым: Көрініп еліме

Күндері мереке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Ермади: Алма пісіп ,алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып,қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды.

Балалар  дөңгелене тұрып әң айтады «Кап –кап »

Амира: Мен шиемін,шиемін

Күннің көзің сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Жанали: Тіл үйірген алмұртпын

Тансығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім.

Еркеназ: Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмін

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Ш.Артём:Золотые листики

С дерева летят

Кружит ветер листики

Это листопад.

Ойын: «Жеміс пен көкөністі ажырат , дәмін ,түсін айт.» ортаңғы топ балалары қатысады.

Рамазан: Алақай! Алақай!

Шаттанады балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты.

Макар: Кричит ворона в небе –Кар-р!

В лесу пожар-р,в лесу пожар-р!

А было просто очень

В нем поселилась осень.

«Осень ,осень наступила » әнің барлық балалар орындайды.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Күз мерекесі осымен аяқталады.

Алтын күздің сыйы жемістердін де дәм тататын кез келген сияқты.Күзіміз берекелі - мерекелі ,астыққа толы болсын дейміз.