«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кім алғыр?-қазақ тілі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Қазақ тілі» сабағында қолданылатын сөздерді тілдік қатынаста пайдалануды үйрену. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, жылдамдығы мен шапшаңдығын дамыту.
3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес жарыс сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері. сұрақ - жауап, жазу, еркін сөйлеу.

І. Бір балаға «Жабайы аңдар», екінші балаға «Үй жануарлары», үшінші балаға «Құстар» тақырыбынан тапсырма беріледі. Әр сөзге 1 ұпайдан.
Алты қадам жүріп, 6 аңның, 6 үй жануарлардың, 6 құстың атын атау.
Мысалы: І. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, арыстан т. б.
ІІ. Сиыр, қой, шошқа, жылқы, түйе.

ІІ. «Қар кесегі» ойыны:Әр сөзге 1 ұпайдан.


ІІІ. Сұрақтар:Әр жауапқа 1 ұпайдан.

1.Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?

2.«Қазақстан» бұл ненің атауы?

3.«Бұлбұл» бұл не?

4.Жаңбыр қай жыл мезгілдерінде жауады?

 

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?

2.Сен қай қалада тұрасың?

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?

4.Қарлығаш-бұл не?

 

1.Қар қай жыл мезгілінде жауады?

2.Жаңа жыл мерекесі қашан?

3.«Кім?» сұрағына мысалдар келтір.

4.Қазақстанның астанасы қай қала?

 

1. Қазақстанның президенті кім?

2.«Тоғыз,төрт» сөздері қандай сұраққа жауап береді?

3.«Не» сұрағына мысалдар келтір.

4.«Бесінші,жетінші» сөздері қандай сұраққа жауап береді?

 

СЕРГІТУ СӘТІ

ІҮ. Жұмбақтар шешу. Әр жауапқа 1 ұпайдан.
І. Ащы емес, тәттімін
Жұмсақ емес, қаттымын.
Бұл не?
(Қант)

ІІ. Қыс болса үйде тұрмайды,
Қырдан төмен зырлайды.
(Шана)

І. Шыр - шыр етеді,
Құлағынан өтеді,
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(Телефон)

ІІ. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
                                         (КҮН)

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
                                         (Кітап)
Ү. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.Егер де сөйлемі дұрыс құрастырылған болса 1 ұпай.
Әр оқушыға суреттер беріледі.
Мақсаты: сол суреттерге байланысты дұрыс сөйлемдер құрастыру.

ҮІ. Не жасалады?  Тақырыпқа сай әр жазылған сөзіне 1 ұпай

Ағаштан, не жасалады? Балалар А4 қағазға кластер арқылы жазады

ҮІІ Сәйкестендіру, суреттер мен сөздерді сәйкестендіру. Әр дұрыс сәйкестендірілген сөзіне 1 ұпай

ҮІІІ. Қорыту.
Қазылар алқасы жеңген оқушыны  атайды. Балаларға сыйлықтар таратылады

Жаңартылған күні: 30.11.2020 09:34
Құрылған күні: 30.11.2020 09:34

Текст