«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыстап қалатын құстар».

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».

Мақсаты:

1.Білімділік:Құстардың сыртқы пішіні мінез-құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру.

2.Құстар туралы ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Шаттық шенбер:

Арайлап таң атты.

Кұн шуағын таратты.

Жарқырайды даламыз.

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң балалар.

Балалар отырады, жақсы көңіл күймен сабақты бастаймыз

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабақ тақырыбымыз «Қыстап қалатын құстар» деп аталады.

-Ең алдымен, құстар туралы айтпас бұрын, бір жылда неше мезгіл бар екенің айтып өтсек?

Балалар: Төрт.

-Кім жыл мезгілдерің атап береді?

Балалар: Қыс,көктем,жаз,күз.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс.

Тәрбиеші: Қыста қандай өзгерістер болады?

Балалар:Күн суытады, қар жауады, адамдар жылы киінеді, ағаштардың үстінде қар жатады.

Тәрбиеші: Балалар құстардың дауыстарын естігілерін келе ме?

СЛАЙД.

Тәрбиеші: Қысқы құстарға: қарға, көгершін, сауысқан, торғай жатады екен.

-Балалар жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймыз. Қысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.

Балалар кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады құстар соны азық етеді. Қыста оларға қар астынан дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді.

Адамдар, құстарға жемсауыт жасап, оған нанның қоқымын, жем салып қамқорлық көрсетеді.

1 тапсырма: Менің  қысқы  құстарым  туралы  жаңылтпашты  қайталайық:

Қарға,қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Боранды күн жел соқса,

Бұтаға барып қорғандар.

Тәрбиеші: -Балалар,   шаршаған  боларсыңдар  сергіту  жаттығуларын  жасайық.

СЕРГІТУ СӘТІ: «Ұшты-ұшты» сергіту сәті

Тәрбиеші:  Енді 2- ші  тапсырманы орындайық.

2 – тапсырма:Тақтадағы суреттерде қандай құстар бейнеленгенін атайық

Тәрбиеші: Менің  құстарым  туралы  қандай  тиым  сөздер  білесіңдер?

Балалар:Құстын ұясын бұзба.

Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.

Құсқа тас лақтырма.

Аққуды атпа.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,  балалар! 

Ойын «Қыстап қалатың құстарды жемсауытың жанына жина»

-Балалар  барлығың  бүгінгі оқу  іс-әрекетіне  өте  жақсы  қатыстыңдар. 

-Балалар,  сонымен  қыстап  қалатын  құстарға  қандай  құстар  жатады  екен?

-Қыста құстарға қалай камқор жасаймыз?

-Бізге қоңақа қім келді?

Өздеріңнің  білімді,  зерек,  алғыр,  тапқыр  балалар  екендіктеріңді 

көрсете  білдіңдер.

Рефлексия

Құстарды халқымыз ерекше бағалаған.Өз балаларын балапаным деп еркелеткен.

Әншімізді  «бұлбұлға»

Батырымызды «қыранға», сұлуымызды «аққуға» теңеген  халықпыз.

Сондықтан балалар құстарды аялап,қамқор болайық!

Мақтау, мадақтау.

Күтілетін нəтиже:

Айтады:қыстап қалатын құстардың кейбірінің атауларын біледі;

Түсінеді: қыста құстарды тамақтандыру қажеттігін біледі

Қолданады: құстарды сырт келбетіне қарай ажырата алады.

Жаңартылған күні: 01.02.2021 12:01
Құрылған күні: 01.02.2021 12:01

Текст