«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру.Ұлттық салт –дәстүрлерді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Осыншама жақсылық,

Алып келдің Наурзым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан халқымыз Наурызды «Жыл басы»

«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.

Олай болса , бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып,жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің,

Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ән: Наурыз-көктем.

Т: -Балалар біздер қандай мереке тойлап жатырмыз?

Б:-Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

-Балалар бізге наурызда келіп қалыпты.

Келесі кезекті осынау қасиеті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Алинұр:

Құтты болсын Наурыз,

Жалқаулық қос жауымыз.

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз.

Айтолған:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.

Захар:

Наурыз –это праздник веселья,

Наурыз-это праздник весны!

Наурыз- это праздник цветенья,

Наурыз –это праздник любви!

Антон:

Наурыз пришел в дома,

Значит кончилась зима!

Угостим мы всех гостей,

Хватит ведь на всех сластей!

Артем:

Наурыз стучится в дверей,

Его Новым Днем зовут.

Аңсар:

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!

Кәусар:

Қайда барсаң, жол болсын!

Тәрбиеші:

Ой балалар жарайсыңдар , бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып әжелерімізді құттықтап қайтайық.

-Балалар ауылға әжеге барып наурыз көже ішеді. Оған жеті түрлі тағам қосылады.

Олар: қыстан қалған сүр ет, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7-саны киелі сан. Наурыз көже тоқшылық белгісі.

Әжемен бірге  наурыз әні айтылады.

Ұлттық ойындар ойналады.

Олар: қол күрестіру, арқан тарту , асық ойыны, киіз үйді әшекейлеу.

Мақсаты: Ойын арқылы баларға ұлттық ойындарды көрсету, таныстыру. Ұлтты сүюге тәрбиелеу.

Ойынның соңында балаларға жетістіктері үшін алма мен қызғалдақ таратып береміз.

Алма мен қызғалдақ таратып беруіміздің себебі: Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны.

Балаларға түсіндіріледі.

Ән: Наурыз Роза Рымбаева.

Тәрбиеші.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз береке –бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 19.03.2021 11:51
Құрылған күні: 19.03.2021 11:51

Текст