«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖЖЕ.Жаяу жүргінші

Мақсаты:  көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қиылған жіңішке ұзын тілім жол, жиек жол, бағдаршам суреттері.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Негізгі кезең.

 Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп тілін алу баршамызға керек. Бұл ережені оқушыларда, улкендерде, яғни барлық көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы қажет.

 Балалар сандар көшеде жүру ережесін білесіңдерме?

  • Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін қажет?
  • Жиек жол дегеніміз не?
  • Жаяу адамға қай жермен жүру рұқсат етілмейді?
  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
  • Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
  • Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? Егер өтетін жерде бағдаршам жоқ болса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде оң жаққа көз саламыз.
  • Ал, жиек жолдан қалай жүру керек? Жиек жолдың оң жағымен жүру керек. Сол жағымен жүруге болмайды. Жиек жолдан тағы төрт – бес адам қатар жүруге болмайды.

 

Балалар келесі кезекті жұмбақ шешуге берейік.

  1. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді

Есіркеп ешбір адам жемдемейді

Жүк емес жануарға жүз адамда,

Доғасын сымына сүйреп жол жөндейді.

(трамвай)

  1. Арқаным тым ұзын

Ала алмайсын бір үзім

(жол)

  1. Қозғалмасан құлайды

Сүйемесең сұлайды

Құйымшақты ері бар,

Бұл не деген жануар?

(Велосипед)

  1. Бұйырмапты баста, ауыз да құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта

(бағдаршам)

  • Сонымен, балалар, көшеде жүру тәртібін кім басқарады екен?  (бағдаршам)
  • Жарайсыңдар, балалар.
  • Ал енді ,балалар сендерге тапсырма менің қолымдағы тілім қағаздарды қолдана отырып еденге жол жасандар.

Қорытынды.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін жасқанба!

Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Жаңартылған күні: 08.10.2020 14:03
Құрылған күні: 08.10.2020 14:03

Текст