«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қар жауып тұр»

Тақырыбы:«Қар жауып тұр»

Мақсаты:Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру.,сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік қор: жапалақтап қар жауды, қар мамықтай ұлпа.Мотивациялық-қозғаушылық: Жауған қарға бақылау жасайды, « Жапалақтап қар жауды ойынын ойнайды.

 1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

2.Іс-әрекет кезеңдері: Балаларға үлгіні көрсетіп,бүгін жауған қарды қағаздан қалай жасауға болатынын түсіндіреміз.

Ұйымдастырушылық кезең: Жолақ жұмсақ қағаздарды үзіп алып балалар умаждайды, оны домалақтайды, жұмсартып, домалақ бейнеге келтіріп, қағаз бетіне әр жерге қар жауған тәрізді орналастырады. Қағаз бетіндегі көріністерді пайдалана отырып, мазмұн бере орналастыруға бағыт беріледі. Балалардың іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны қағаз бетіне қалай орналстыру керек екенін қадағалаймыз.

3.Сұрақ-жауап.

.Балаларға сұрақтар қою.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?

-Біз қағаздан не жасадық?

-Қыс мезгілінде не жауады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар ,

Үлкен болып өседі.

4. Ойын: «Жапалақтап қар жауды»

Мақсаты: ойын арқылы балалардың танымын арттыру.

5.Рефлексиялық-түзетушілік: Балалардың жасаған жұмыстарына қарап шығады. Сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапалақтап жауған қар туралы.

Игерді: қағаздың көлемі, «үлкен», «кіші» және оны умаждау әдістерін;

Меңгерді: қағазды умаждап белгілі бір пішінге келтіруді, оны кеңістікке дұрыс орналастыра білуді.

Тапсырманы ұқыпты орындай алады.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.01.2021 09:27
Құрылған күні: 18.01.2021 09:27

Текст