«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздіктің жеті қыры

 

 

 Күні: 21.12.2020жыл

Сынып: 1

Мектеп: Гранитный негізгі мектебі

 Мұғалімнің аты-жөні: Танманова Ж.У.

Сабақ тақырыбы

Тәуелсіздіктің жеті қыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар тарихымыз туралы түсіну, білу. Отанының тарихын, мәдениетін мақтан етіп, патриоттық сезімін күшейту.

Сабақ мақсаттары

Барлықоқушылар: Берілгентақырыптыашып, әңгімелепайтады, негізгіойды  ашады.

Көптегеноқушылар: шығармашылыққанегізделгентапсырмалардыорындайды.

Кейбіроқушылар: берілгентақырыпбойынша ой қорытужасайалады.

Бағалаукритерийлері

7 саны туралы білімдерін жаңғырту

Әлемнің жеті кереметі туралы мәліметтер беру

Қазақстанның 7 кереметі туралы мәліметтер беру

Ұлы даланың 7 қыры туралы білім қалыптастыру

Құндылықтардыдарыту

Оқушылардыңтуғанжеріне, еліне, дегенсүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққадегенсенімі, ой - өрісі дамыту, елініңмұрасынқастерлеп, оны жалғастырушыазаматболуғатәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды қорғап қалу

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, Жаратылыстану,Әдебиеттікоқу, Бейнелеу, Музыка

Бастапқы білім

7 киелі сан, Әлемнің жеті кереметі, Қазақстанның 7 кереметі.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

1.Оқушыларға қима қағаздарды алғызу, қағаздарда «7 киелі сан, 7 қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 күн, әлемнің 7 кереметі, қазақстанның 7 кереметі, ұлы даланың 7 қыры» деген сөзтіркестері жазылған. Әрбір қима қағазда жазылған сөзтіркестің мағынасын ашу.

Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады. Жер мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден – ақ санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті саның қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек.

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

2. «Суреттер сөйлейді» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

7 киелі сан, 7 қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 күн, әлемнің 7 кереметі, қазақстанның 7 кереметі, ұлы даланың 7 қыры

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

  1. Мұғалім сөзі:

Ендеше бүгінгі сынып сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздіктің  жеті қыры» деп аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса аласыңдар.
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, болашақ ұрпағына аманат еткен.

  1. Бейнефильм «Тәуелсіздіктің  жеті қыры»

Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы,
 өзені көлі бар, 
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек
 ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Ке
ң жазира ұлан байтақ жеріміз, 
Ту
ған елін, туған жерін сүйетін
Біз
 қазақтың ұланымыз , еріміз. 

Сабағымызды соңында «Мәңгі ел үшін» деген әнді орындайық. Хор.

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Мен бүгін ... білдім.

Мен ... үйрендім.

Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?

 
 

Жаңартылған күні: 21.12.2020 09:01
Құрылған күні: 21.12.2020 13:25

Текст