«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып апталығының қорытынды есебі

2019 жылдың 8-15 сәуір аралығында Гранитный негізгі мектеп бастауыш сынып арасында « Білім жолын бастаған, Бастауышым бастамам» атты ұранмен бастауыш сынып апталығы болып өтті.

Бастауыш сыныптар арасында болып өткен апталықтың қорытынды есебі.

2019 жылы 8-15сәуір  күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды. 

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру, Талантты оқушыларды айқындау; Жауапкершілікке , ұжымдылыққа тәрбиелеу; Адамгершілікпен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу.

Міндеттері: оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке даралық қабілеттерін арттыру, нені есте сақтау керек соған бағыттау; Оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, өз-өзін ұстау және көпшілік алдында ұстау мәдениетін дағдыландыру; 

Апталық мынадай жоспарда құрылды:

08.04.2019 ж апталықтың ашылуы. Жауапты мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдері: Танманова Ж.У. мен Некрасова Е.В.

09.04.2019 ж  «Мәнерлеп оқу сайысы» 1-4 сыныптар, «Сүйікті, қызықты – менің кітабым» кітапханамен байланыс. Жауаптылар: Бастауыш сынып мұғалімі Шахметова Б.С.және кітапханашы Ахметова С.Т. Бастаауыш сынып оқушылары осы күні кітапханамен байланыс жасады.  Оздерінің  ең сүйікті және қызықты оқыған кітатарын көрсете отырып және кейіпкерлердің қасиеттерін ашып айта алды. 

Мәнерлеп оқу сайысына оқушылар жақсы қатысты. Өте жақсы мәнерін келтіріп оқыған оқушылар да болды. Олар: 3 «б» сынып оқушысы   Соловьев   Иван   және 1 «б» сынып оқушысы Клипинин Ярослав.  4 «А» сынып оқушысы Казбекова  Азиза  және 3 «А» сынып оқушылары  Даулет Азамат және Такай Абилмансур.  1 «а» сынып оқушылары да жақсы қатысты. Тұрар Бастар мен Жанбырбаева Адема

10.04.2019 жыл  «Сауатты диктант сайысы» 2-4 сыныптар, «Мақал мәтелдер сайысы» -3-4 сыныптар және «Қызықты старт» спорттық жарыс 1-4 сыныптар аралығында өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Бастауыш сынып мұғалімдері және дене шынықтыру мұғалімдері болды.  Диктанттар сайысынан сынып бойынша ең  жақсы жазған оқушылар :  2 «а» сыныбынан Қалижан Гүлнұр , 3 «а» сыныбынан Дәулет Азамат, 3 «б» сыныбынан Соловьев Иван. Осы оқушылар өз білімдерін көрсете білді.  «Қызықты старт» спорттық жарысы өте қызықты болды. Бастауыш сынып оқушыларының барлығы өте жақсы қатысты. Оқушыларды үш топқа бөле отырып әр түрлі спорттық ойындар  ойнатылды.  Жеімпаз топты  мақтау қығыздарымен марапаттады. І, ІІ, ІІІ орын берілді. Оқушылар апталықтың кез- келген тапсырмасына және  іс-шараларға жауапкершілікпен қарап жақсы ат салысып қатысты.

 

11.04.2019 жыл  « Қызықты математикалық ребустар сайысы», « Мен жас математикпын» математика пәнінде логикалық есептер сайысы.  Жауапты: бастауыш сынып мұғалімі  Касымова Г.К.  Мектепке дейінгі даярлық топта ашық сабақ сауат ашу пәнінен «В дыбысы және әрпі»тақырыбы.Мұғалімі:Шакирова М.Ж.  Мектепке дейінгі даярлық топтың ашық сабағына оқу ісінің менгерушісі Жайықбаева А.К. мен бастауыш сынып мұғалімі Шахметова Б.С. сабаққа қатысты. Біраз ескертулер болды. Әр мұғалім өз ісінің шебері болуға тиісті.  Біздің жас маманымызға біраз еңбектену керек.

«Қызықты математикалық ребустар сайысы», «Мен жас математикпын» математика пәнінде логикалық есептер сайысы  жақсы өтті. Іс-шаратақырыпқа сай жоспарланған. Топқа бөле отырып оқушыларға өте қызықты математикалық ребустар логикалық тапсырмалар берілді. Оқушылар белсенді қатыса білді.

12.04.2019 ж  «Менің сүйікті ертегім» сурет көрмесі және «Құстарды біз қалай қорғаймыз?» сауалнама . Жауапты : Танманова Ж.У. және Некрасова Е.В. 4 «А» сыныпта ашық сабақ математика пәнінен мұғалімі Шахметова Б.С. 4 «Б» сыныбында ашық сбақ Орыс тілі пәнінен мұғалімі Касымова Г.К.

4 «А» сыныбының ашық сабағына мектеп әкімшілігі оқу ісінің меңгерушісі Жайыкбаев А.К. және мектеп директоры Саликов Е.З. бастауыш сынып мұғалімі Некрасова Е.В. сабақта отырды.Сабақты талқылап кеткен аздаған қателіктерін айтып өтті. Жалпы сабақ жақсы өтті. Оқушыларды тек шапшаңдыққа үйрету керек. Үлгерімі төмен оқушымен көбірек жұмыс жасау керек. Және тапсырманы оқушының деңгейіне байланысты беру керектігін айтып өтті. 4 «Б» сыныбында жоспар бойынша орыс тілі сабағынан ашық сабақ болуға тиісті еді, бірақ сабақ өтілмеді .

15.04.2019 жылы бастауыш сынып апталығының жабылуы яғни қорытынды күн. Осы апталыққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапатталды.  Барлық бастауыш сыныптардың оқушылары жақсы атсалысып белсенділіктерін көрсете білді.

Жаңартылған күні: 25.04.2019 22:51
Құрылған күні: 25.04.2019 22:51

Текст