Мақсаты:Балалардың гүлдер жайлы түсінігін арттыру.Түймедақ жайлы қарапайым түсініктер беру,сүйіспеншілікке,еңбекке тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді суреттер. Тақтай, ермексаз.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік қор: Түймедақ.гүлдер
Мотивациялық-қозғаушылық: Түймедақпен танысады, « Гүлдердің түрлерін, түстерін ата» ойынын ойнайды.
1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.
Армысың ! Алтын күн,
Армысың! Жер ана.
Армысың! Достарым,
Армысың!апайларым.
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым.
2.Іс-әрекет кезеңдері: Балаларға үлгіні көрсетіп,түймедақты ермексазбен қалай жасауға болатынын түсіндіреміз.
Ұйымдастырушылық кезең:Тақтайды аламыз. Түймедақты үлгісіне қарап, ермексазбен жасаймыз.
3.Сұрақ-жауап.
.Балаларға сұрақтар қою.
-Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Түрлерін атаңдаршы?
-Қызғалдақ пен түймедақтың айырмашылығын атаңдаршы?
-Кімге қандай гүл ұнайды?
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың.
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
4. Ойын: «Гүлдердің түрлерін ата»
Мақсаты: ойын арқылы балалардың танымын арттыру.
5.Рефлексиялық-түзетушілік: Балалардың жасаған жұмыстарына қарап шығады. Сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Гүлдер жайлы біледі.Ермексазбен түймедақты жасайды.
Игерді:гүлдерді, бояуды, түстерді ажыратуды.
Меңгерді:Үлгіге қарап ермексазбен жұмыс жасайды.
Тапсырманы ұқыпты орындай алады.