«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай-біздің ұлттық ұранымыз!»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Абай-біздің ұлттық ұранымыз!»
Абай Құнанбайұлының туғанына 175-жыл

Мақсаты:

Қазақтыңұлыақыны Абай Құнанбаевтуралытереңірекмеңгеру, өміржолы мен шығармашылығын, өлеңдерін, қара сөздерін таныту.

Абайдыңданалығын, руханиасылмұраларыннасихаттау, құрметету, адамгершіліккетәрбиелеу.

Шаттық шеңберін құру. Жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық.

Үй жұмысын сұраймын

Көрініс: Домбыраның үні.(күй «Құрманғазының көңіл толқыны») Сахнада Абай  өлең жазып отырады.Үстел үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия. Абай  сәлден соң орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып, сахнадан шығып кетеді.

Сұлтанбек

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

 Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
 Жақсы менен жаманды айырмадың,
 Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

 Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашық болу керек балалар.

Әуелі - надандық

Екіншісі  - еріншектік

Үшіншісі - залымдық

 

Мұғалімнің сөзі:

-Құрметті қонақтар мен оқушылар! «Абай –біздің ұлттық ұранымыз!» атты сыныптан тыс тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашан да түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына құрмет етуде.

Абай перзенті бар халық –бақытты халық.

-Өнегелі өнер дегенді айтқанда халқымыздың тарихының биік шыңына шыққан жалғыз дара тау ағашындай Абай есімі ауызға ілінеді. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

 

    Абай  Құнанбайұлы  Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы тамыз айының 

10-жұлдызында дүниеге келіп, 1904 жылы шілденің      

6 -жұлдызында дүниеден өтті.  Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды, мейірімді кісі екен. Абайды әжесі  Зере тәрбиелеген.  Ол ИбраҺимді еркелетіп, «Абай» деп атаған. Абай әжесі Зере мен Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болады. Олардың қызық әңгімелерін жалықпай тыңдайтын. Абай бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен  жүреді. Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыған.

 

                                                  Абай Құнанбайұлы

Слайд Абай Құнанбайұлының дүниеге келуі 1-бөлім        

Кластер

Кітаппен жұмыс

  • Оқушылардың өлеңдері тыңдалады

1-оқушы  Әсемгул: « Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ –барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегісезімді, тіліорамды,

Жаздымүлгіжастарғабермекүшін.

Бұлсөздітасырұқпас, талаптыұғар,

Көңілініңкөзіашық, сергекүшін.

2-оқушы  Азиза: «Күз» өлеңі

Сұрбұлттүсісуыққаптайдыаспан,
Күзболып, дымқылтұманжердібасқан.
Білмеймінтойғаныма, тоңғаныма,
Жылқыойнап, биеқашқан, тай жарысқан.
 Жасылшөп, бәйшешекжоқбұрынғыдай,
Жастаркүлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдейтүсікетіп,
Жапырағынанайрылғанағаш, қурай

 

3-оқушы  Мұхаммет :  «Қыс» өлеңі» 

Ақкиімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай  бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды

4-оқушыЗарина: «Адам боламдесеңіз» өлеңі

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

 

Мұғалімнің сөзі

  Абайдың 45 қара сөзі бар. Абайдың қара сөздерінің стилі, оларға тән ой ұтқырлығы, шешендік мәселеге зер салсақ, мұндағы шешендік дегеніміз, әйтеуір, сөзді қалай сұлулап, көрікті етіп өрнектеп айтуға ұмтылу емес, ойдың тереңдігімен, астасып келетін шешендік  тәсілдер қолдана білу екенін айқын аңғарамыз.

Оқушылардың қара сөздерін тыңдау

Зарина(45), Сұлтанбек(7), Әсемгул(1)      

Кері байланыс

Көрініс  5-6-сынып оқушылары Зарина,

Азиза,Асемгүл,Сұлтанбек

(Он жетінші қара сөз )

Автор: Өзім оқимын Қайрат , ақыл, жүрек үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

*Қайрат айтыпты:

-Ей, ғылым дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей , жалықпай үйрену керек, ол –менің ісім. Дүние, абыройды еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай , бойды таза сақтайтұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? –депті.

 

*Ақыл айтыпты:

-Не пайдалы, не зиянды болса, білетұғын –мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен; ғылымды үйрене алмайды екен. Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? –депті.

 

*Онан соң жүрек айтыпты:

•   Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ. Ұят сақтап, рақым қылдыратын – мен, әділет, нысан, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады.Менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.

Сонда ғылым бұл үшеуініңсөзін тыңдап болып, айтыпты:

 

•   Ғылым айтыпты :   -Үшеуің басыңды қос. Бәрін жүрекке билет. Осы үшеуінің бір кісідей табылсаңдар – қасиетті адам сол.

Үй жұмысын берем

5-6-7сынып оқушылары «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

Бағалау –бармақ арқылы

Қорытынды сөз:

Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.

Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.

Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.

Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі дара да, дана тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты, ақын шығармашылығын ұмытпай, дәріптеп оны құрмет ету мақсатында ұйымдастырылған шағын іс-шарамыз аяқталды. Орыстар үшін –Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін – Руставели  қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Олай болса, сөздің соңын  «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтап, аман- сау болыңыздар демекпін.

Назар қойып тыңдағандарынызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 28.01.2020 14:26
Құрылған күні: 28.01.2020 14:28

Текст