Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінін анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру анықтайды. Кейбір оқушылар үшін: Металдардың қайсысы коррозияға бұрынырақ ұшырайтынын анықтайды. |
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
|
ТҚЕ сақтау. Белсенді болу. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау. Уақыт шегінде жұмыс жасау.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
||
Жаңа сабаққа кіріспе 10 мин |
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1.Периодтық жүйеде металдар қай жерде орналасқан?
2. Қай металдар ерте заманнан белгілі?
3. Металдар сумен қалай әрекеттеседі?
4. Сұйытылған қышқылдармен металдардың әрекеттесуі?
5. Тұз ерітінділерімен металдардың әрекеттесуі? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 5 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді |
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Металдардың тұз ерітінділе-рімен әрекеттесуін анықтайды |
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
||
10мин Жұптық жұмыс |
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
1-Тапсырма Қай стаканда реакция жүреді? 2-Тапсырма Мына тұздарды жіктеп,аттарын атаңдар: СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4 |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Тапсырманы орындайды |
ДК экраны 8-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
Жеке жұмыс 10 мин
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
3-Тапсырма Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата. Al(OH)3 + HI → ……. CuSO4 + H2S → ……. CO2 + NaOH → ……. KCl + AgNO3→ ……. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Реакцияны аяқтау
|
ДК экраны 8-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Үй жұмысы:Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |