«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутизм дегеніміз не?

Жоспар:

1. Тақырыбы;

2. Аутизм, оның зерттелуі;

3. Аутизмнің көрсеткіштері, категориялары;

4. Аутизмнің түрлері;

5. Аутист балаларды топқа бөлу;

6. Аутизмды анықтау тесті;

7. Статистика;

8. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс тәсілдер;

9. Қорытынды.

 

1. Зерттеушілік жоба тақырыбы:"Аутизм"

2.Аутизм, оның зерттелуі.

Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. 

Ең алғаш  "аутизм" деген терминді 1912 жылы швейцар  психиатрі Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. 1943 жылы америка психиатрі – Лео Каннер ерте балалық аутизмді анықтап зерттеу жүргізген. Ал 1944 жылы австриялық зерттеуші Аспергердің «Аутистикалық психопатия» атты еңбегі шықты.

Қазіргі уақытта  аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Аутизмнің пайда  болуына тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті не туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. да жағымсыз жағдайлар әсер етуі мүмкін.

Л.Каннердің  айтуынша аутизмнің себебі, тумыстан жеткіліксіз биологиялық механизмдер  аффектизмі, яғни «аффектілі қоршау»  қоршаған ортамен қарым –қатынас орнатуға кедергі құру. Ал Х.Аспергердің ойынша, ерте балалық аутизмнің психикалық ауытқуы мен бұзылуы – алғашқы инстинктердің әлсіздігі. Б.Римланд пен С.С.Мнухин ми бағанының ауытқуы маңызды әсер етеді деп көрсетеді.

 

3. Аутизмнің негізгі көрсеткіштері, категориялары.Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы  деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

- жалғыздықты жақсы көру;

- ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу;

- мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы;

- эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;

- біркелкі қимылдарды қайталай беру.

Аутист балалардың көптеген бірізді және шамалы жүріс-тұрыстың қайталануын Вайнленд шкаласы бойынша бірнеше категорияларға бөлшектенген.

*    стереотипті- мақсатсыз қозғалыс (бас айналдыру, қолды сермеу, теңселу);

*    компульсивті тәртіп- небір ережелерді сақтау. Мысалы, заттардытиянақты, бірқалыптыорналастыру;

*    біркелкілік- өзгерістергеқарсы болу. Үйжиһаздарыныңорнынауыстыруғақарсылықбілдіру, басқабіреудіңараласуынанемқұрайлы болу;

*    дәстүрлі (ритуальный) тәртіп- күнделіктіістібіртәртіпте, бірмезгілдеорындау. Мысалы, бірдиетаныұстану, біркиімдежүріп-тұру.

*    шектеулітәртіп- бірзатқа, құбылысқа, объектігебағытталу. Бала біройыншыққанемесебір телехабарға шүйіледі.

*    аутоагрессия- бұлбелсенділік, яғни бала өз- өзін жарақаттайды. 2007 жылдағызерттеулербойыншабалалардың 30 пайызыөз- өзінезақымкелтірген (қолынтістейді, шашын жұлады, т.б.)   

 

4. Аутизмнің түрлері:

Каннер аутизмі. Бұл балалардажиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аузизмнің ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы - баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнату, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсылық, тым сезімталдық, ешкімге еліктемеу, үнемі бір қимылды қайталау. Сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Аутизмнің белгілері баланың 3 жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады.

Аспенгер синдромы. Каннер аутизмімен салыстырғанда жеңілдеу формасы. Белгілері ұқсас, алайда, балалардың интеллектісі әлдеқайда жоғары. Әдетте бір жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік еңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алғанымен адамдармен байланысқа түсуі қиын.

Ретта синдромы. Аутизмнің ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар 2 жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айырыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмнің бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.

Процессуалды аутизм. Аутизмнің бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен түрлі қабілеттерін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілері байқалады. 

 

 

 

5. Аутист балаларды 4 топқабөлугеболады:

1. аурудыңауыркөрінісіменсипатталатынтоптағыбалаларбезушілік, ортаданоқшаулау, ешнәрсегекөңілаудармауерекшеленеді, көпуақытынтүңілумен өткізеді. Мұндайбалаларсөйлемейді, адамдарға, адамныңкөзінежәнебірнәрсегекөзінтікпейді, күлмейді, жыламайды. Атынатапшақырғандаүндемей, дыбысшығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Оларбіржеріауырыпжарақаттанса, қарындарыашып, тоңғандысезбейді. Үйішіндебағытсыз ары-беріжүреді, жиһаздардың үстінешығады, терезеніңалдындатиспесеңбірнешесағаттарбойыотырабереді. Үлкенадаммұндайбаланыңназарынаударайындептырысқанжағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.

2. Бұлтоптыңбалаларыадамныңкөзінетіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзінтікеқадап, бағыттытүрдеқарайалмайды, бірақнәрселердіңөздері, өздерініңтүрлері мен дыбысыменсыртқыпішініменбалалардыңназарынөздерінеаудартқызады. Мысалы: кілемнемес алаша біткеншежүребереді. Бұлбалалардыңбірқалыптылығысағаттарбойытерезедеотырыпбірбағытқақарапотырабереді. Ал бірнәрсекерекболса, оларүлкенадамдыертіпапарып, керектінәрсегеқолынсалады.

3. Балалараздапбелсенді, оларқоршағанортадантолықбезбегенбетіндеқорқыныш бар, қимылдарыеркінемес, сөздерітүсініксіз, бірсөздіқайталайбереді, күрлмеліпсөйлейді, қимылдарыимпулсьсивті, яғниотырып-отырыпаяқастынанжүгіріпкетеді, өзін-өзіжарақаттайды. Бұлтоптағыбалаларөтедауласқыш, ешөкінбейді, бәрінкерісіншежасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,текөзісөйлейді, ешкімдітыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегеніөтежылдам, дыбысықатты. Сөзі монолог түрінде. Кейдеересекадамсияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыраалмайды.

4. Бұлбалалардааутизмніңжеңілтүрі. Балалардыңмимикасышектеулі, алаңдаушыболыпкеледі, сондықтансөздеріжай, көздерінеқарайалады, бірақтұрақсыз. Оларұялшақ, жасқаншақболыпкеледі. Оларөтірікайту, алдаудыбілмейді.

 

6. Аутизмді анықтау тесті:

- ортақ даму көрсеткіштері бойынша баланың әрекетін бағалау - туғаннан 16 айға дейін;

- М-CHAT тест (модифицирленген скринингті тест) - 16-30 ай аралығындағы балаларға арналған;

- CARS аутизм шкаласы (балалардағы рейтингті аутизм шкаласы) - 2-4 жас аралығы;

- скринингті тест ASSQ - 6-16 жас аралығындағы балаларға арналған тест.

Тест нәтижелері толықтай балада аутизм диагнозы барын растамайды, бірақ мамандарға қаралуға бағыт береді. Бала дамуын ескере отырып, бала жасына арнайы тестті қолдану қажет.

 

7. Әлемдік статистика бойынша, 2000 жылы аутизмнің таралу деңгейі 10 мың балаға шаққанда төрт – бес адамнан тура келген. Американың сырқатты бақылау және алдын алу орталығы сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тағы 110 баланың біреуі осы дертке душар болған.  2007 жылы Американың әрбір 150-баласына осындай диагноз қойылған. Нәтижесінде 2002-2006 жылдар аралығында сырқаттың таралу деңгейі – 57%, ал соңғы 20 жылда 60 %-ға артқаны анықталды. Соңғы уақытта Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт артқаны байқалады. Тіпті күмәнді деген деректердің өзі бұл сырқаттың қазақстандық балалар арасында кең етек жайып бара жатқанын көрсетеді. Мәселен, Алматы облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталығының статистикалық есебіне сүйенсек, 2003 жылы аутизмге шалдыққан – 77 бала, 2006 жылы  – 255 бала, 2009 жылы 326 бала тіркеліпті.

Мамандардың айтуынша балаларға  дер кезінде көмектессе, 60%-ы мектеп бағдарламасына ілесіп, білім алады. Алайда 90%-ы арнайы білім беру жүйесі қамтылмағандықтан мүгедек болып  қалады.

 Батыста аутист балаларды  әр түрлі бағдарламалар арқылы  қоршаған ортаға бейімдеуге көмектеседі. АҚШ мемлекетінде қайырымдылық қорын қоспай бір аутист балаға жылына 30 мың доллар бөлінеді. Бірақ мұның көмегі аз. 70% науқаста дос- жоралары жоқ, 95% үйленбеген және тұрмысқа шықпаған. Жұмысқа тек 20- 30%-ы орналасады. Қазіргі күнде аутистер кереңдер мен көрмеушілерді бірге алғанмен жиірек кездеседі.

Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1.

8. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс тәсілдер.

Технология

Ойын, жаттығу, тренинг

1

Ойын технологиясы

Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату.«Айналма» ойыны.Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:

Балақайлар, тұрайық;

Шеңбер құра қалайық;

Сен де меніңдосым;

Мен де сенің досың;

Барлығымыздоспыз.

Қарым-қатынастыдамыту.

«Қуыршақпенойна» жаттығуы.Ойын барысы: түрлі тақырыптар бойынша сюжеттік-рольдік ойындар жүргізу. Мысалы,«Дүкенге барамыз»,«Қонақта». Қуыршақ балаға əлеуметтік рольдерге кіруге көмектеседі.

Зейінді дамыту.«Артығын тап» жаттығуы.

Ойын барысы: нұсқаушы берілген суреттердің ішінен артығын табуды тапсырады. Мысалы, қияр, асқабақ, сəбіз, алма. Артығы: алма.

Қозғалыстық ойындарын дамыту.«Достармызға үй саламыз» ойыны.Ойын барысы: нұсқаушы балаларды екі топқа бөліп, олардың Ақтөс жəне Ақтабан атты екі достарының барын айтады. Олар өте жақсы достар. Тек олардың тұратын үйі жоқ. Қане, оларға үй салып көмектесейікші. Осылайша, бір топ Ақтөске, екінші топ Ақтабанға үй салады. Ол үшін балаларға кубиктер мен тапсырмалар беріледі. Кімүйдібіріншісалыпбітіреді.

2

Глобалдыоқыту технологиясы

Ерте жастағы аутист-балаларды оқытуда глобалды оқыту əдістемесін қолдану барынша тиімді болып табылады. Глобалды оқыту – баланың бүкіл сөзді толығымен қабылдауы (жазылуына қарап).

Келесі жаттығуда біз сөздерді бөліктерді бойынша глобалды оқытамыз. Сөздің бөліктері, буындар, жеке əріптер. Мысалы: ма-ма, па-па, а-ға, ал-ма, ал-м-ұрт. Аталмыш əдіс арқылы бірте- бірте қалыпты оқуға өтуге болады деп санаймыз.

Баланы ең алдымен қандай сөздермен таныстырған жөн? Əрине, ең алдымен, біз қарапайым, күнделікті қолданыста жүрген сөздерден бастаймыз. Олар: ана, əке, аға, апке, ата, апа т.б.

3

Сенсорлық интеграция технологисы

Көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сəйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арқылы тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға соғады.

Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын немесе қоршаған ортаның аса əсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады.

Сенсорлы интеграцияның мысалдары:

  • гамактатербелу (кеңістіктебағдарлану);
  • музыкағабилеу (естужүйесі);
  • бұршақтолтырылғанқораптарменойын (тактильдісезімдеріндамыту);
  • туннельдежорғалау (кеңістіктебағдарланужəнежанасу);
  • қозғалыптұрғаншариктергежанасу (көрусезімі мен тактильдібағдарлануы);
  • орындықтаайналу (тепе-теңдікжəнекөру қабілетіне əсер);
  • бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау).

4

Ақпараттық технология

«Дэльфа–142.1» логопедиялық тренажеры баланың ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін жан- жақты дамыту, түзету бағдарламасының кешені түрі болып табылады. Ол кез келген дыбыс, əріп, буын, сөз, сөйлем сияқты сөйлеу тілінің бірліктерімен жұмыс жүргізуге, мынадай логопедиялық міндеттерді: сөйлеудің грамматикалық-лексикалық жақтарын дамыту мақсатымен тыныс алуды жəне дауысты түзету, сөйлеу бұзылыстарын түзету үрдісіне ойын элементтерін қосу, сөздік материал мен жаттығу типтерін жан-жақты қарастыруға, түрлі мақсатқа сай материалдарды қолдануға (суреттер, əріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер), баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беруге, логопедиялық жұмыспен қатар баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік береді.

Тренажерлар зиятында ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар, сөйлеу бұзылысы бар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жəне қабылдау ерекшеліктеріне сəйкес жасалады.

Аутист балаларға  арнайы көмек көрсету жүйесі өткен  ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет  АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде  қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық ғылыми негіздемесі болмаған.

 

9. Қорытынды. Жалпы аутизм ауруы жайлы, бұл ауруға шалдыққан балалар жайлы мәлімет жинау барысында бір түйгенім, аутизм - емі бар сырқат. Бастысы оны дер кезінде анықтай біліп, ертерек күресті бастау. Балалар өте тез өседі, сол себепті сырқаттың алғашқы белгілері назардан тыс қалуы мүмкін. Ал оны байқаудың бірден бір жолы - өмірде қажеті жоқ, маңызы жоқ, мағынасы жоқ нәрселерге уақытты жұмсамау, назарды расымен қажет нәрселерге аудару, ертең не болады деп жүгірудің орнына бүгінгі күнге көз тастау, баланың қалай өсіп келе жатқанына, қандай қылық көрсетіп жатқанына, не айтып жатқанына мән беру.

Ауырып ем ізде

Жаңартылған күні: 07.04.2021 10:19
Құрылған күні: 07.04.2021 10:19

Текст