Мақсаты : Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Cабақтың түрі: ақпараттық сынып сағаты
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электрстанциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энерго блогында апат болды.
Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. Жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.
Радиоактивті түтін аймақтанасып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.
«Мир» станциясынантүсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды
Чернобыль атом электрстанциясындағы апатқа бүгін, сәуірдің 26-сы күні 34 жыл толады. Бұл келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электрстанциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылық пен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі солқалпында қалып отыр.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді.. Апаттың ізін суытпай жасалған және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылған төтенше шығынды шараларға қарамастан Чернобыль атом электростанциясы әлі күнге дейін Еуропаның кіндігіндегі әлеуетті қауіп ошағы болып қалуда. Чернобыль атом электрстансасындағы апаттан кейінгі қоршаған ортаның ахуалы халықтың өмір сүруін де шектеп отыр. Әсіресе, зардап шеккен аумақтарда тұрып жатқандардың, апат салдарын жоюға қатысқандардың денсаулықтары ерекше алаңдатуда. Зардап шеккен аймақтарды тұрақты дамыту және нақты экономикалық өркендету сияқты басты мақсаттар жаңа жобаларды, ғылыми негізделген шешімдерді, ауқымды материалдық шығындарды қажет етеді. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электрстанциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.
1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан не бәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электрстанциясында адам айтқысыз алапат апат болды.
Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендер бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай атсалысты.Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолынғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім.
Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондайақ өндіріс орындарынан енеді.
ІІІ.Қорытынды
Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.Чернобыль атом электрстанциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды.Чернобль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендеген мен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.