«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Оқушылардың қатысын тексеру;

1- қазан қарттар күні мерекесі . Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Оқушылардан тақпақ ата-әже туралы сұраймын.

Мұғалім:шағын көрініс оқиды балаларға үлгі ретінде .

 Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

Сұрақ-жауап

  1. Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз

 Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Жаңартылған күні: 03.10.2022 13:52
Құрылған күні: 03.10.2022 14:10

Текст