Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»

 

Мақсаты:

Білімділік: балаларды орман жануары кірпі мен таныстыру,

Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,

Билингвальды компонент: кірпі - ежик - Hedgehog

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері  Тәрбиешін іңіс – әрекеті Балалардың                             іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Қонақтарға құрметпен,

Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру - шылық - ізденістік –

Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.

Тұмсығы бар түймеден,

Тон жамылған инеден.

- Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру.

- Енді балалар, мына суретте кірпіге не жетпей тұр?

- Шанышқыны алдымызда тұрған сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастырсақ тікенек пайда болады.

Сергітусәті: «Кірпімен қара жорға билейік»

Кірпі- тікенек

Видеоға қарап билейді.

Рефлексиялық – түзетушілік  

Ойын: «Кірпіні тамақ тандырамыз»

Мақсаты: балалардың іс – әрекет бойынша алған білімдерін қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ, шаянды жабыстыру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Кірпі туралы мәліметтерді

Игереді: бастыру арқылы сурет салуды.

Меңгереді: таза, ұқыпты болуды.