«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Елімнің ертеңі"

Тақырыбы:"Елімнің ертеңі"

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан тарихы және Елорда туралы мәліметтер беру.

1.Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. 2. Оқушыларға Отанын сақтау үшін білімді болу керек екенін түсіндіру. 3.Отанын сүюге.туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық сезімдерін ояту тәрбиелеу

Көрнекілік: Қазақстанның гимні,көк байрағы,елтаңбасы.рәміздердің авторларының суреттері.Қазақстан туралы слайдтар,жалаулар, шарлар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен).

Отан деген -атамекен, Отан деген-туған жер. Отан -үлкен Қазақстан туған ел. "Біздің бір ғана Отанымыз бар, О л-тәуелсіздік Қазақстан"Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгін 

«Туған жерім- Қазақстан » атта  тәрбие сағатын бастаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз өзіміз өмір сұріп отырған туған еліміз Қазақстан Республикасы туралы болмақ.

Әнұран

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз  жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.

Енді біздің:"Тәуелсіздік деген не?" деген көрінісімізді тамашалаңыздар.

Көрініс:" Тәуелсіздік деген не?"

-Ата,тәуелсіздік деген не?

-Балам,сен барлық адамдар өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан мемлеметінің азаматысың.

-Аға, тәуелсіздік деген не?

-Елің де, жерің де сенікі.Тәуелсіздік деген сол.Сен қазақтың баласысың.Отанның Қазақстан ,туған елің-қазақ елі.

-Мұғалім, тәуелсіздік деген не?

-Ол,-тәуелсіз туған жерің,тілің,салт-дәстүрің.

-Досым,сен тәуелсіздік үшін не істейсың?

-Ол үшін жақсы оқимын,тәуелсіз елім үшін адал еңбек етемін.

Мұғалім:- Балалар," Тәуелсіздік" дегенді қалай түсінесіңдер

-Қандай ұғымдар ойға келеді?

Тәуелсіздік дегеніміз -Отанымыз, жеріміз ,Ата заңымыз тіліміз,дініміз салт-дәстүріміз,еркіндігіміз,бірлігіміз,елтаңбамыз.

Мұғалім:-Балалар, 1қыркүйекте "Білім күні" сендерге қандай кітап сыйлады?

-"Менің Отаным Қазақстан" атты кітап сыйлады.

-"Менің Отаным Қазақстан" атты кітапты сыйлаған кім? -Балалар: Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. әжесі  Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын» деген екен.Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыған.Өз өз өмірінде көп еңбектніп ,тер төкті.

Үлкен еңбек жолының арқасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

 

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

 

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Мұғалім:-Балалар біздің мемлекеттік тіл қандай тіл?

"Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы".Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім, Туған тілім-далам тілі -өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Мұғалім.- Балалар,біздің Қазақстанда үлкен қалалар өте көп.Олар:

Бұлар-әдемі қалалар.

Алматы- жері жайсаң облыс,

Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,

Атырау-мол Қазақстан мұнайы,

Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.

Қарағанды-қара алтынның қоймасы.

Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.

Өскемен-өр, шығыста Алтай аясы,

Қызылжар-солтүстігім орманды. Павлодар- қара Ертістің саясы,

Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.

Ақмола- Арқада ыстық алқабы,

Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.

Еліміздің бас қаласы Астан қаласы. 1998жылы 6 шілдеде астанамыз Астана қаласы атанды.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 

(Астана қаласының әсем,көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді).

«Бәйтерек» - Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Еңсесі биік, көркем «Бәйтерек» - бас қаламыздың символы.

Егемен мемлекетіміздің бойтұмары. Ескеркіштің биіктігі 97 метр.

Бәйтерек монументі аңыз ертегі желісі бойынша салынған.Бәйтерек алып үлкен ағашқа ұқсайды.Бәйтеректің басындағы шар ертегідегі Самрұқ құстың алтын жұмыртқасы. Бәйтеректің ішінде "Аялы алақан"-Қазақстан Республикасы Призиденттінің оң алақанын көруге болады. Бәйтеректің жобасын ұсынған біздің Призидентіміз.

Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

Алыс- жақын жерлерден келген құрметті қонақтарды қарсы алатын төрт қабатты ғимарат.

Хан Шатыры-Астана қаласындағы ірі ойын -сауық және сауда орталығы.Орталықтың ішінде тропикалық бақтар,гүлзарлар,субұрықтар бар. Бұл кешеннің биіктігі 200 метр.

Тәуелсіздік сарайы -мемлекеттік ресімей іс-шараларды.форумдарды,мәжілістерді,кездесулерді,съездерді өткізу орыны болып табылады.Ресми шаралармен қатар концерттерді,көрмелерді,мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Бейбітшілік пен келісім сарайы- Қазақстан халықтары ассамблеясы,ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы,мұражай,университет, 1,5 мың орынды опера залы,қысқы бақ орналасқан.

Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Мұғалім :-Балалар ,1992 жылы маусым айының 4 жұлдызында мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Мемлекетіміздің рәміздеріне нелер жатады?

-Балалар: ту,елтаңба,әнұран.

 

Тудың  түсі-көк.Көк түс-бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр.

Туымыздың авторы кім?

 Туымыздың авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

 

Елтаңбаның авторлары:Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков.Елтаңбаның  реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі- шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар.Оны қанаты пырақтар қоршап тұр.Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы орналасқан.

 

2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранның сазын,яғни әуенін  жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  -Балалар Әнұран салтанатты жиындарда орындалады.Әнұранді білу барлық Қазақстан азаматының парызы.

 

Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көпұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,ұйғырлар,

өзбектер,корейлер,украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр.

 

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз

 

Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгерген

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген

Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін

Бәрі: Мен боламын еңбекқор,

Болашағы елімнің.

Осы Қазақстанымыздың болашағы сендарсіңдер!

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды ,хош сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 14.06.2019 20:44
Құрылған күні: 14.06.2019 20:44

Текст