«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз сыйы».

Мақсаты: 

1.Балаларға күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Алтын күздің берер сыйлығы мол екенін түсіндіру. Әрбір тапсырмаларды орындата отырып, ой қабілеттерін, көру, байқағыштық қабілеттерін арттыру.  Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.

3. Қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. Күз  молшылығы  туралы  түсініктерін кеңейту

Керекті құралдар: Ағаштың, бақшаның  күз көрінісі бейнеленген суреттер, көкөністер, жемістер суреттері, үлестірмелі карточкалар, муляждар. 

Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойын технологиясының элементтері.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

 

 Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық- қозғаушы

лық

Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
 

-Балалар бүгінгі көңіл – күйлерін қандай?

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

 

-Дұрыс, мезгілдерді атайықшы

 -Қазір қай мезгіл?

-Дұрыс, күз мезгілі неше ай және қай айлар?

Тамаша жарайсындар!

Балалар ойын ойнағыларың келе ме?       Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

 

 - Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?

 

«Кап-Кап » өлеңің айтамыз

 

Қызығушылық танытады.

 

 

 

Керемет

 4

 

Күз, жаз, қыс, көктем

Күз

3 ай, қыркүйек, қазан, қараша

 

-Ия

 Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді

Күзде қөкөніс, жеміс- жидектер піседі.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

Бау-бақшада тек қана көкөністер

өспейді. Сонымен бірге жеміс-жидектер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, баптайды екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан да біз оны күз сыйы дейміз.

 

Сергіту сәті

Жапырақтай жайқалып, 
Табиғатты сүйеміз. 
Денемізді тік ұстап 
Билеп – билеп аламыз. .

«Суретті тап» ойыны. Шарты: Жеміс-жидектерді  мына кесілген бөлшектерден құрастырып беріңдер.

 -Ендеше ермексаздан көкөніспен жеміс-жидектерді жасап берейік.
- Балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.  
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 қозғалыстар жасайды

 

 

 

 

- иә!  

 

 

 

 

Рефлексия

лық - түзетушілік

Балалар, бүгінгі  оқу іс- әрекет  ұнады   ма?

- Жемістер   қайда  өседі?

 - Көкөністер  қайда  өседі?

 - Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді? 
- Біз қандай ойын ойнадық? 

 

Оқу іс-әрекет  ұнаса  күнді  көрсетеміз, ұнамаса  бұлтты  көрсетеміз.

Бүгінгі  оқу іс- әрекетіне  жақсы  қатысқан  балаларды  жұлдызшамен  марапаттау.

 

-ия

Жемістер ағашта өседі

Көкөністер бақта өседі.

Қуыршақ Салтанат

«Тамаша», «Не қайда өседі?» , «Суретті тап».

 

Күтілетін   нәтиже:

Не  білді:  Күз  мезгілінің ерекшеліктерін, көкөніс пен жемістерді толық   ажырата  білді.

Не  алды: Ойындар  арқылы  оқу іс-әрекетке  деген  қызығушылығы  артты.

Не  істей  алды: Сұрақтарға  жауап беріп, ойын  ойнау  арқылы  рухани  қасиеттерін арттыра  отырып, сөйлеу  қабілетін  дамытты.


 

Жаңартылған күні: 05.10.2022 12:10
Құрылған күні: 05.10.2022 12:10

Текст