«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалысты ұйымдастыру жоспары.

КЕЛІСЕМІН:

 Гранитный негізгі

 мектеп директоры

    Саликов Е.З.

 

 

 

 

Жазғы демалысты ұйымдастыру жоспары.

Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары:
            Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.  Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Бос уақыт дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс - әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс - шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
1.Мақсат:
- Балалардың жас ерекшелігін;

  • Психологиялық ерекшелігін;
  • Денсаулығын;
  • Ұлттық ерекшелігін;
  • Аймақтық ерекшелігін;
  • Діл (менталитеттік) ерекшелігін;
  • Жыныстық ерекшелігін;
  • Қабілет – мүмкіндігін т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп - жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т. б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт - дәстүр, және т. б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру.
2.Міндеті:
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау.

- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;

Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Жазғы маусымдық лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі. Олар:

  • Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
  • Алғырлық, зерделік, тілдік шоу – сайыстары;
  • Ер балалар мен қыз балалар арасында әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;
  • Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
  • Өнер байқаулары;
  • Әдеби викториналар;
  • Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
  • Сөздік сайыстар, саяхаттар;
  • Мәнерлеп оқу;
  • Ән-күй сағаты;
  • Концерттік сағат;
  • Би байқауы т.б.

     

 

Жаңартылған күні: 10.06.2019 13:09
Құрылған күні: 10.06.2019 13:09

Текст