«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тұңғыш президент»

Мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге

Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнектіліктер: рәміздердің суреттері, Желтоқсан құрбандарының суреттері, нақылсөздер, слайд.

Билингвальды компонент: Отан-родина, тәуелсіздік-независимость, ту-флаг,елтаңба- герб

Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші:

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті балалар!

«Менің Тәуелсіз елім Қазақстан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.

                   Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Тәрбиеші:

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Айтолған:

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.

Алинур:

Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Еркеназым:

Құт береке-шаңырақ

Орын алған-ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

 

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті балалар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Менің Тәуелсіз елім» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. 

Түсінеді: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білу екенің түсіндіру

Қолданады: Қарындаштарды дұрыс қолдануды біледі

 

Жаңартылған күні: 23.12.2020 13:17
Құрылған күні: 23.12.2020 13:17

Текст