Тақырыбы: «Сезіміңді суретте» . (арт-терапия)
Мақсаты: Педагогтарға арттерапия әдісі туралы түсінік беру. Бұл әдістің балалардың жанын түсінуге, олардың бойындағы сезімдерін, үрейлерін анықтау үшін өте тиімді және тек балалар емес, ересек адамдармен де жұмыс жасауда қолдануға болатыны туралы айтып өту. Әдістемелік жарақтау: А3 қағаз, түрлі түсті бояу, интерактивті тақта, су, бояу, әуен.
Жоспар
1. Сәлемдесу (танысу) жаттығуы
2. АРТ-терапия туралы түсінік
3. Сурет салу терапиясы
4. Еркін сурет жаттығуы
5. Түстер терапиясы
6 Сиқырлы алақан жаттығуы
7. Разминка
8. Рефлекция
Тренингтің барысы:
1. Сәлемдесу жаттығуы
Таныстыру. Психолог: Барлығымызға белгілі біздің азан шақырып қойған атымызбен қатар отбасымызда ата-анамыз, ата-әжеміз, аға-апамыз, сонымен қатар достарымыздың ортасында еркелетіп атайтын екінші есіміміз бар.Оны естіген кезде ерекше сезімге бөленіп, көңіліміз көтеріліп жатады.
Нұсқау: Қазір 1 минуттай ойланып, сол есімдеріңіз бен өзініңізді теңестіретін қандай да бір затты, табиғат құбылысын немесе бейнені естеріңізге түсіріңіз. Сіздердің өз есімдеріңізді топ алдында жариялап, топқа өзіңізді жаңа бір қырыннан таныстыруға мүмкіндігіңіз бар.
2. АРТ-терапия туралы түсінік
Арт–терапия әсемдік өнерді көзбен шолатын психотерапияның ерекше түрі ретінде қарастырады (емдеу мақсаты емделуші мен психотерапевт арасындағы бірлесіп әрекет жасау).
Негізгі мақсаты - диагностика, психоанализ және емдеу.
“Арт–терапия” түсінігінің эволюциясы 3 бағытты құрайды: медициналық, әлеуметтік, педагогикалық . Ағылшын тілді елдерде “ Art–therapy “әсемдік өнердің түсінігі ретінде қарастырылады: суреттер, графика, мүсіндер, дизайн және шығармашылықтың басқа да түрлері қарым–қатынастың көзбен шолу каналы ретінде маңызды роль атқарады. Түрлі ерекшеліктеріне қарамастан арт–терапияның барлық бағыттары бейнелеу өнерінің және тұлғааралық өзара ықпалдастықтың құралы ретінде қарастырады.
Арт-терапия түрлері: живопись , графика, фотография, сурет салу, ермек сазбен жұмыс, маскотерапия, ертегітерапия, оригами, драматерапия, музыкотерапия, түстертерапия, видеотерапия, құм терапия, ойынтерапия.
Мақсаттары:
Креативтік ойлау қабілетін дамыту;
Адамның ішкі дүниесін ашу;
Өзін-өзі бағалауын көтеру;
Босанысып жағымсыз эмоциялардан және ойлардан арылуға үйрету;
Топтық жұмыстануда әлеуметтік қарым–қатынасқа жақсы келуге ұйрету;
Ойлау, есте сақтау, зейінін және шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
- Бейімделу мүмкіндіктерін көтеру.
3. Сурет салу терапиясы
Арт-терапия техникасының бірі - сурет салу. Егер адам өзін еркін сезінгісі келсе оған сурет салу керек. Сурет арқылы бала өз ойын еркін жеткізуге тырысады. Сурет терапиясы көп ауыруларғада емдік көмегін тигізеді. Баланың ойын, қиялын да жақсы дамытатын терапияның бірі – сурет салу терапиясы.
Сурет салу терапиясы түрлі түсті бояулармен де, қарындаштармен де тіпті саусақ пен салуға да болады.
4. Еркін сурет жаттығуы
Мақсаты: Бұл жаттығу сабақ бастамасында өте қолайлы. Ол топтың шығармашылық бастамасын оятады, өз эмоцияларын сезінуге және бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Материалдар: парақ, гуашь, бояу, жіп, мақта таяқшасы, желім.
Өтілу барысы: Топ қатысушылары парақ, қарындаш жағынан жетіспеушілік сезінбеуі керек. Әр адам параққа сурет салып, оны гуашпен бояу арқылы, желіммен жіпті жапсыру арқылы әсемдейді. Топ сурет салуды аяқтағаннан кейін, қатысушылар өзінің және басқалардың жұмыстары туралы ойларымен бөліседі, бірақ оларға баға бермеуі тиіс. Өз суретіне ұқсас суреттерді қарап шығып, бірге талдау.
5. Түстер терапиясы
Психологтардың айтуы бойынша, киімдегі, әшекейдегі, интерьер заттарындағы қалаулы түстер адамның мінез - құлқы жайлы көріністер беруі мүмкін. Әрине кәсіпкерлер зерттеуге арнайы тестерді пайдаланады. Ал біздер жағынан кең таралған түстерді ғана пайдаланамыз.
СҰР ТҮС - байсалдылық, сенімсіздік, бейтараптық. Сұр түсті жақсы көретіндер күмән тудыру шылықпен ерекшеленеді. Олар шешімді ұзақ қабылдап, күмәнданып тұрады. Мұндай адамдар өздерін айналатындағылардан қорғау үшін сұр түспен қаруланады. Мұндай адамдар өздерінің ішкі жан дүниесін, тіпті жақындарының араласуынан да мұқияттылықпен қорғанады.
ҚЫЗЫЛ ТҮС - құмарлық, ерік, агрессия. Қызыл түсті әдетте қарым - қатынасқа түскенді жақсы көретіндер, биліктегі адамдар, және көптің ішінен ерекшеленгісі келетін жеткіншектер таңдайды. Қызыл түсті қалайтын адамдар көпшіліктің ішінде өзін көрсететін және басқаның жетістігіне қызғана қарайды.
КӨК ТҮС - тыныштық, жеңілдеу, медитация. Әдетте, көк түсті қарапайым, меланхолик, тыныштық қалыпқа тырысушы адамдар таңдайды. Мұндай адамдар тез шаршағыш, көп сөйлегенді ұнатпайтын, жалғыз қалғанды қалайтындар. Бірақ бұл адамдар айналасындағыларға тәуелді, өйткені айналасындағылар оны құптағанда ғана оларда өздеріне деген сенімділік туындайды..
ҚЫЗҒЫЛТ ТҮС - тұрақсыздық, сенімсіздік, қиялға берушілік. Қызғылт түске жақын адамдар өздері ойлап тапқан, барлығы жеңіл, әрі қарапайым, ешқандай мәселесі жоқ әлемде өмір сүргенді қалайды. Олар «қызғылт көзілдірікке» жасырынып, шынайы өмірдің мәселелелерінен жасырынады.
Қызғылт түсті жақсы көретіндер жиі өздеріне сенімсіз, өте сезімтал, кезіккен қиындықтарға қарсы тұра алмайды.
АҚ ТҮС - тазалық, төзімділік. Адамдардың көпшілігінде ақ түс қарапайымдылықпен, пәктікпен ассоцияланады. Бірақ егер адамның киімі және интерьер жағынан болсын айналасы ақ түске оралса, онда ол оның төзімділігін, педанттылығын білдіреді. Ақ түсті жақсы көретіндер өз - өзіне сенімді, жанжалдаы қаламайтын адам дар өмірдің кез - келген жағдайында өз ойларын білдіре алады.
ЖАСЫЛ ТҮС - энергия, оптимизм, сенімділік. Жасыл түсті біреудің ықпалында қалудан қорқатындар қалайды. Мұндай адамдар достарына және әріптестеріне қалай әсер ететініне қарамастан өздерін бағдарлаудың әртүрлі тәсілдерін іздестіретіндер. Ондай адамдар өз мақсаттарына мүмкін болатын нұсқаларды алдын ала есептеу арқылы қайсарлықпен жететіндер.
ҚОҢЫР ТҮС - сенімділік, дәстүр, адалдық. Қоңыр түсті аяқтарынан тік тұрған, алға қойған мақсаттарына жеткен кемел жастағылар жиі таңдайды. Қоңыр түсті қалайтындардың өмірі ұсақ - түйегіне дейін ойластырылып жасағандар. Мұндай адамдар үшін отбасылық құндылықтарды жоғары бағалап, орын ауыстырғанды ұнатпайтындар.
ҚАРА ТҮС - қарама - қарсылық, сенімсіздік, ұстамдылық. Егер адамдар негізгісі ретінде қара түсті таңдаса, онда бұл оның өмірді жағымсыз қабылдауын білдіреді. Мұндай адам өзіне, өзінің күшіне сенбей депрессияға берілуі мүмкін. Сөзді жақтырмайды, қарама - қайшылыққа түсе бермейді, қиялға берілгіш, мақсаттарының орындалуына сенбейтін адамдар.
6. Сиқырлы алақан жаттығуы
Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады, өз қиялын оятады.
Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.
Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. Педагогтарға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.
7. Разминка. «5 қимыл биі»
Әуендер: «Су ағысы», «Барабан соғысы», «Қуыршақ қимылы», «Көбелектің ұшуы», «Тыныштық». Бес түрлі әуенге әрқайсысына сәйкес қимылдар жасап билейді.
8. Рефлексия.
Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы өз ойларын айтқызу, сұрақтар қою.
Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?
Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?
Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?
«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.
9. Қорытындылау: Әр педагог бір-екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.
10. Тренингті аяқтау. Оқушылар орындарынан тұрып қолдарының үстіне қолдарын қойып «біз біргеміз», «біз командамыз» деп айқайлап тренингті аяқтайды.
Өткізген: Педагог-психолог Оразбаева Г.К.
Балаларға орындау жұмысының түсіндіру сәті
Оқушылардың сурет салып отырған жұмысы