Гранитный кентінің негізгі орта мектебінің 7-8 А сынып оқушыларымен "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбына сынып сағаты өткізілді.

— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.