«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесіндегі – ата–ана рөлі.

21.07.2020

Дана да даңқты, қайсар да ержүрек халқымыз ежелден бала тәрбиесіне аса маңызды көңіл аударған. «Тәрбие басы – тал бесіктен басталады»  деп бекер айтпаса керек. Болашақ білімді де, саналы, өз Отанын сүйетін, оған адал қызметет етін балаларды тәрбиелеудің ең маңызды бөлігі – отбасы.  Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», - дейді. Осы айтылған сөз тәрбиеші ұстаздар мен ата – аналардың  әркез есінде болғаны дұрыс.

Білім мен тәрбие – егіз ұғым.Оларды бір- бірінен ажыратып қарауға болмайды, сондықтан шебер тәрбиеші екеуінің де күрделілігіне қарамастан олардың атаралып жүрсен нұр үстіне нұрболар еді.Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – осы күннің еңөзекті мәселесі. Өйткені, олар осы Тәуелсіз еліміздің болашағы. Өскелең, Отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеудің ең негізгі баспалдағы ретінде екі топқа бөліп қарастыруға болады. Соның бірі де бірегей отбасына тоқталып өтсек.Өз тәжірбиемде баланың денісау және тәрбиелі етіп өсіру де дұрыс деп санаған ата-аналарға ұсынар кеңестерім:

– Баланың алдында ата-ананың беделді болуы. Бедел – адамның сана –сезіміне терең ұялаған қасиеттерінің бірі. Ата-ана балалардың алдында ұрыспауға, таласптай таласпауға, сөзбен салғыласпай, істеген істері мен сөйлеген сөздеріне абай болып, мәнберуі қажет. Ата-ана ешқашан бала тәрбиесіне немқұрайлы, жауапкершіліксіз қарамауы қажет. Оған қарастыруға болатын мәселелер: баланы шектен тыс еркелету, кішкентай кезінен өздегенін істету. Өзара ынтымақтастықтың болмауы, бірі-бірінің сөздерін аяғына дейін тыңдамауы бала алдындағы ата-ана беделін жояды;

А.С. Макаренко айтады: «Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы».

– Отбасында психологиялық жағынан ең көп таралған теріс ықпал ететін фактор отбасы мүшесінің бірінің ішімдікке не болмаса шылымға әуестігі;

– Баланың дұрыс дамуы үшін тәрбиеші мен атаның өзара ынтымақтаса әрекеттесуі керек;

– Баланы күнделікті режимге үйрету.Оған кіретін мысалдар: баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыру, оның негізгі құрам бөліктері:  баланың дені сау болуы үшін салауатты тамақтаныру режимі, дене жаттығуларын жасату, күні бойы теледидар мен телефонға телміртпеу (балаларға көруге болады деп кеңес беріледі 30 минуттан артық емес), баланың бойы мен ойықатар дамуы үшін ұйқы режиміне үйрету, мысалы, ересектерге денені қайта жұмыс істеу қабілетін толықтыру үшін 7 – 8 сағат ұйқы жеткілікті болса, балаларға 10 сағат жеткілікті;

– Баланы ешқашан ойы мен бойы, мінезі мен бітім – болмысы жағынан ешқашан өзге балалармен салыстырмауға кеңес беріледі. Өйткені, әр бала әртүрлі. Сіздің балаңыз сіз бен жұбайыңыздың қасиеттерін генетикалық жағынан көшіреді. Сол үшін бірінші өзімізге көңіл аударғандығымыз жөн.

– Барлық нәрсенің бірден бола қоюын талап етпеу. «Мәскеу бірден Мәскеу болған жоқ»  қағидасын еске түсіріп тұрған жөн.

– Балаңызбалабақшаға баратын болса, жасаған іс–әрекеттеріңізбен және сөздеріңіз бен әрқашан тәрбиешіні қолдап, кеңес алып, әңгімелесіп отырыңыз.

Баланың сұраған дүниелерін асықпай түсіндіру қажет және баланың айтқан пікірін мұқият тыңдап, өз ойыңызбен бөлісуіңіз қажет. Бір нәрсені қайта–қайта қайталатудың мәні жоқ, өйткені олар әр минут сайын даму үстінде болғандықтан, тез жалығып, қызығушылығы мен ынтасы сөніп қалады.

– Балаңыздың әріптерге тілі келмесе, қарапайым әрі ең оңай жаңылтпаштарды қайталатыңыз, өйткені онда әріптер көптеп қайталанады, бұл есте сақтау қабілетіне көптен көп көмек. Бір ескеретін жайт, жаңылтпашты жеңілден күрделіге қарай жаттату.Түсініксіз сөздер болса, түсіндіру. Тәрбие шағын мемлекеттен, ошақ басынан, тіпті одан әрі де құрсақта жатқаннан ақ сүтімізбен таза қанымызбен сіңіріледі. Сондықтан, бала – отбасының айнасы. Ол айнаның жалтырауы, таза кіршіксіз, әсем болуы ең алдымен сіздердің қолдарыңызда!

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст