«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дені саудың – жаны сау!

08.07.2020

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын дамыту.

 Қажетті құралдар: шарлар, түрлі – түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, доптар, пирамидалар, көлшік, бақа атрибуты.
Тәрбиеші: Құрметт іәріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді  еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың – жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс – шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

 Марш ойналып, балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді.
Жан – жақты жаттықтыратын жаттығулар:
Бір қатар мен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Шеңберге тұрып, дем алу жаттығуын орындау.
Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.
- Балалар денсаулық туралы мақал – мәтел кім біледі?
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Дені саудың – жаны сау.
3. Тазалық – денсаулық кепілі.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
5. Денсаулығыс әбидің – қуанышы әр үйдің.
- Өте тамаша балалар!

Ал, кәне балалар «Балапан» және «Ботақан» тобы болып екі топқа бөлінейік.
 Жарыстың бөлімдерін сіздерге айтып өтейін.
1. Сәлемдесу.

1.«Эстафета с мячом!»
2. «Кім  бірінші» ойыны
3. «Кім жылдам» ойыны
4. «Эстафета Снайперы»ойыны
5. «Кім епті» ойыны.


Тәрбиеші: Балалар сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.
- Бәрекелді балалар!

 2 - кезең. Екі команданың сәлемдесуі.
1. «Балапан» тобына жалынды сәлем!
2.«Ботақан» тобына жалынды сәлем!
2 - кезең. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көкеме сол тектен тек,
Елдің ашық қабағы - деп «Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені айналып келу.

3 - кезең. Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.
Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан - деп« Кім жылдам» сайысына кезек берелік.
Ойын шарты: Жемістер мен көкөністерді жинау.
- Жарайсыңдар балалар, сендер неткен жылдам едіңдер.

 Тәрбиеші: - Бәрекелді балалар өте жақсы!
Қорытынды сайысымыз «Кім епті» ойыны.
Ойын шарты: кедергілер арасымен  ирелеңдеп өтіп, пирамиданы құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар!

 Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңіздер. Бүгінгі жеңістерің құтты болсын. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст