«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің отбасым

29.06.2020

Мақсаты:

1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.

Шаттық шеңбері: Ынталандыру. Сезімді ояту.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті, міне, бойларың

Иіліп сәлембереміз,

Әдепті боп өсеміз.

Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)

- Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)

- Кәнеки, олай болса ашып көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?

- Онда адамдар тұрады.

Негізгі бөлім:

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына суретке назар аударайықшы, кімдердің суреті?

- Ата, әже, әке, ана бала.

- Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар тобы.

Отбасы мүшелеріне – ата, әже, әке, ана, бала жатады.

- Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаңүйрек – апам.

Ортантерек- ағам,

Шылдыршүмек- мен.

Титтей бөбек– сен

Сөздік жұмысын жүргізу

Нағашы ата- анасының әкесі

Нағашы әже- анасының анасы

Немере – ұл- қыздарынан туған бала.

«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің кім туралы айтып тұрғандарымды ойланып табыңдар.

- - Ақсақалды, өте мейірімді, бау- бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- - Ата.

- - Өзі өте мейірімді, ақшашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім?

- - Әже.

- Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата – етегіндегі бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.

Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөпшақ қандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

Қорытынды:Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыпты бекіту.

Отбасы деген не?

Отбасы мүшелерін ата.

Балаларды мадақтау.

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст