«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғатты аялайық.

22.06.2020

 


Тақырыбы: «Табиғатты аялайық» 
Мақсаты:балаларга қоршаған орта туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, табиғаттағы өз орны қандай екенін түсіндіру, адам мен табиғаттың тығыз байланысты екенін түсіндіру,тір іжәне өлі табиғат туралы білімдерін бекіту,туған жердің табиғатының әсемдігін эмоционалды қабылдауға баулу, табиғатты аялауға ,қорғауға баулу.

 Әдіс-тәсілдер:әңгіме, сөзжұмбақ шешу, тақпақ оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:сөзжұмбақ, аңдар петбердесі, қолшатыр,тір іжәне өлі табиғат бейнеленген иллюстрациялы суреттер,ашық хат.
Сабақтың барысы.
Тәрбиеші:Балалар, жер-біздің ортақ үйіміз.Ал, біз тұратын үй қалай аталады екен, оны сөзжұмбақтың шешуін тапқанда білеміз. «Бұл үйде кім тұрады?» сөзжұмбағы.(Тәрбиеші аңдар туралы жұмбақтар жасырады)
«Табиғат» деген сөз шықты.Бізді қоршаған заттардың бәрі не адамның қолымен жасалған ,не табиғаттан жаратылған.
Суретпен жұмыс.
-Бұл суреттерде не көріп тұрсыңдар?Жалпы бұл суретті қалай атауға болады?
Неге бұл суреттерде машина, үйлер, ойыншықтар бейнелен беген?Кім үй салады, машиналар жасайды?
Қорытынды: ендеше, адамның қолымен жасалған заттарды табиғат деп атай алмаймыз.Ал, табиғат дегеніміз не?Табиғат-адам қолымен жасамаған, бізді қоршаған орта.Табиғат-бұл біздің тұратын үйіміз.Орман, ағып жатқан өзендер, көлдер.Ашық аспан астында,жарқыраған күннің астында өмір сүреміз.
-Тірі табиғат деп нені айтамыз?тірі табиғат-туады, өседі, өледі: өсімдіктер мен жануарлар, ал қалғаны-өлі табиғат:құм, тас, су, бұлттар.
Дидактикалық ойын. «Тірі-өлі»
Тапсырма: жасыл түсті үйшікке тірі табиғат, ал қызыл түсті үйшікке өлі табиғат бейнеленген суреттерді салу.

 Сергіту сәті: « Көктемгі орманға саяхат»
Көзге арналған жаттығу: «Жапырақтар»
Тәрбиеші:Балалар, біз сендермен табиға ттуралы көп білеміз.Ал, мен сендердің табиғатқа қалай қарайды екендеріңді көргім келіп тұр.
Дидактикалық ойын. «Табиғат« ашуланады» және «рахмет» айтады»
-Рахмет айтар еді: ағаштың бұтақтарын сындырмаймын, қоқысты лақтырмаймын, құстарға жем беремін, жемсауыт жасап беремін.
Не үшін ашуланар еді: қоқыс лақтырамын,бұтақтарды сындырамын, аңдар мен құстарды қорлаймын.
Тәрбиеші: балалар, біз сендермен бір ертегін ітамашалайық.Біз орман алаңқайына барайық.
Қоян: Апчхи ! Ох тоңғанымменің сондай,жаңбыр астында жаурадым,жылынатын үй бар ма?
Тәрбиеші: қуыршақ Айсананың қолындағы қолшатыр ашылды,жаңбырдан жасырады.
Айсана: Кел, қолшатырдың астына тығылып жылынып ал.
Түлкі келеді: Қолшатырларың қандай керемет,мен де тығылсам бола ма?
Айсана: түлкі бикеш, келіңіз, үйімізге кіріңіз.
Аю: Амансың ба, Айсана,
Бәрі: Амансың ба, аю.
Аю:Қолшатырға кірейін, жылынып алайын?
Түлкі: ой-ой-ой.Тым биікқой бойың,менің үлпілдек құйрығымды басып кетесің.
Айсана: Төртеуімізге де тар болмайды.Кел!
Тәрбиеші:Міне осылайша тату достар жаңбырдан біткенін бірге тосты.

 Айсана: Міне, жаңбыр да басылды.
Қоян: Ендеше мен кеттім(секеңдеп кетеді)
Түлкі: сау болыңдар бәріңде, орманда менің інім бар.
Аю:Мен де ормандағы апаныма барайын, ұйқыға дайындалайын.
Айсана: Сау болыңдар,мен де бақшама барайын.
Тәрбиеші: Айсана бақшаға кетті, ал аңдар өз тірлігіне кірісті.Бірақ бұл не?Біреу жылап жатырма?Орманда бір жаманды қболдыма?(алаңға қасқыр,тиін,кірпі жүгіріп шығады)
Қасқыр: орманға біреу келіп, аюды атпақ болды.Аю қатты ренжіп, бақырып жылады.Ой-ой-ой!
Тиін:Орманда жаңғақ теріп жүр едім.Бір тәртіпсіз бала келіп саңырауқұлақтарды теуіп, езіп, жаңғақтарымды жарып кетті.(көзін уқалап жылайды)

 Кірпі:Бұл не сұмдық түсінбедім?Кім маған жауап береді?Неге аққайың жылап тұр? Себебі бір ақылсыз бала аққайың бұтағын сындырып, шырыны енд іағып тұр.
Тәрбиеші: Балалар, бізге енді бәрі түсінікті. Орман тұрғындарын біреулер ренжітіпті. Оларға көмектесу керек. Бі зсендермен жас құтқарушылар боламыз! Орманды қорғап қаламыз.
(орман және айнала қоқыс шашылған сурет ілінеді)
-Біз не көріп тұрмыз?Міне, неге аңдар қатты жылады.Біздің орманымыз қоқысқа толы.Қоқыс қайдан келді?Аңдар жыламау үшін, бізге «рахмет» айту үшін не істеу керек?
(балалар жауабы)
-Жарайсыңдар, балалар.Сендер табиғаттағы қорғауды білесіңдер.Ал басқа адамдарға үйрету үшін не істеукерек?
(ескерту белгілерін іліп қою керек)
-Ал, бізде мынадай белгілер бар (тақтаға «от жақпа», «гүлдерді жұлуға болмайды», «ұяны бұз ба», «қоқысты шашпа» іліп қойылады)

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст