«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп

19.04.2017

Есеп беру

    Бастауыш сыныптардың апталығы

10.04 – 15.04.17ж  аралықта отетін іс-

шаралар.Бастауыш сыныптар аптасы.

   

Осы апталықтың мақсаты :

Оқушылардың танымдық белсенділігін , шығармашылық қабілетін арттыру;

Талантты оқушыларды айқындау және жауапкершілікке, ұжымдылыққа арттыру,

адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу.

 

   Міндеттері:

Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өзін-өзі ұстау және көпшілік

алдында ұстау мәдениетін дағдыландыру. Оқушыларды бастауыш сыныптар апталығында

шығармашылық табысын ұйымдастыру.

 Аптаның ұраны : « Жақсы оқу үшін,

көңілді оқуымыз керек!»

Дуйсенбі күні аптаның ашылуы. 1-4 сынып оқушыларына

апталықтың мақсаты мен міндеттерімен жоспарымен таныстырып оттік.

 

Сейсенбі күні  «Қызыл түсті» шуақты, өмірлі, қызықты күні.

Бұл күнні  1-4 сынып оқушыларының

арасында мәнерлеп оқу сайысы отті. Бұл сайыста көзге тускен 1- сынып оқушысы

Марат Диана.

 Екінші тапсырмада «Бүлдіршін » атты

кітапшасын жасау болатын. Барлық оқушылардың еңбегі жақсы барлығы талпынып

жұмысты жауапкершілікпен атқарып отырды. Осы кітапшалардың арасынан  ең жақсысы 

1- сынып оқушысы Шакирова Айгерімнің кітапшасы .

Үшінші тапсырма бойынша оқушылардың өздерінің сүйікті , қызықты кітабы

жайлы  қысқаша мәлімет берілуі тиіс

болатын. Мұнда 1 сынып оқушысы Марат Диана 

батырлар жырларын оқығанды ұантатынын айтып оған «Алпамыс батырдан»

үзінді өлеңін айтып берді.

Төртінші тапсырма бойынша 3-4 сынып оқушылары арасында ойдан өлең шығару

болатын. Бұл тапсырманы жауапкершілікпен атқарған оқушы 3- сыныптан  Даулет Зарина 4- сыныптан Қайрат Мадина.

Бесінші тапсырма бойынша «Ұлы отан соғысына» қатысқан біздің ата-ағаларымыз

жайлы мәлімет жинастыру болатын. Бұл тапсырманы орындаған оқушылар 1-сынып

оқушысы Марат Диана мен Қажымурат Құдайберген.

 Сәрсенбі

күні  « Қазақ тілі күні», «Тор көз – ұзын

жол күні»

1.     Сауатты диктант сайысы

2-4 сыныптар

2.    

«Мен жас кемеңгермін» 

өтірік өлеңдер құрастыру сайысы 3-4 сыныптар аралығында. Бұл тапсырманы

барлық оқушылар жақсы  орындап өздерінің

тілдік мәнерлерін ойлау қабілеттері жақсы дамығанын көрсете білді.

3.    

Сөз жұмбақтар сайысында да барлық сынып оқушылары жақсы

атсалысып отырды.

4.    

Көркем жазу сайысы 1- сынып аралығында өтті.  Қазақ тілі пәнінен олимпиада откіздік 3-4

сыныптар аралығында. Қайрат Мадина Қазбеков Асхат Жакупова Дильназ Даулет

Зарина Тақай Нұрдәулет осы оқушылар берілген тапсырманы жақсы орындап шықты деп

айтуға болады.

 

Бейсенбі күні «Математика күні »,

«Көк түсті» - бірлік шығармашылық күні.

Бұл күні математика пәнінен логикалық есептер сайысы өтті. Әр сыныптың

деңгейіне сай тапсырмаларды беріп отырдық,оқушылар оте жақсы қатысып атсалысып

отырды. 3-4  сыныпқа математикадан

олимпиадалық сурақтар тапсырылды. 1-2 сыныптан математикалық диктант алдық.

 

Жұма күні  «Дүниетану күні» «Жасыл тусті» - табиғат және

экология күні

1.    

«Менің сүйікті гүлім, бұтам, ағашым» тақырыбында

презентация дайындау болатын. Даулет Зарина 3-сынып  Даулет Азамат, Марат Диана, Қажымұрат

Құдайберген 1-сынып оқушылары осы тапсырманы жауапкершілікпен орындаған

оқушылар.

2.    

 «Менің сүйіп

жейтін жемісім» - шығарма сайысы бул тапсырманы 1-4 сынып оқушыларының барлығы

орындап өз жұмыстарын қорғады.

3.     «Құстарға қамқорлық қалай

жасаймыз?» осы тақырыпта оқушылар өз ойларымен бөлісті. Мақал-мәтелдер айтып

өтті құстарға байланысты.

4.     «Біздің болашақтағы

жеріміз» - тақырыбы бойынша сурет салу сайысын ұйымдастырдық. Бұнда оқушылар

топпен жұмыс жасап өз жұмыстарын қорғады.

 

Сенбі күні «Флэшмоб күні» бул тапсырманы

оқушылармен бірге ата –аналарда бірге орындады.

«Әкем – шешем және мен» спорттық сайысын дене шынықтыру мұғалімі Шахметов

М.М. 1-4 сыныптар аралығында ұйымдастырды. Оқушылар да ата –аналарда спорттық

киіммен келіп сайысқа Жакуповтар, Жантасовтар, Даулет және Тұрлыбековтар отбасы

қатысты. Сайыс өте қызықты өтті.

1 орынды Жакуповтар мен Жантасовтар отбасы, 2 орынды Даулет отбасы , 3

орынды Турлыбековтар отбасы жеңіп алды. Барлық отбасы  және оқушыларды марапаттап апталықтың аяқталу

шегіне жеттік.

 

Апталыққа жауапты сынып жетекшілер Танманова Ж.Ө мен Шахметов Б.С

 

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст