«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздық еткен жалықпас...

08.05.2019

Ұстаздық еткен  жалықпас...
Бастауыш сынып мұғалімі: Танманова Жанар Умирбековна  


Ұстаздардың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша екенін ескеріп, қажырлы еңбектерін ардайым ұмытпауымыз  керек.
Ұстаздарды әрдайым құрметтеу, оларды сыйлау, қадір тұту деген ұғымдарын ұстаздық жолымызда елеп ескеріп оқушыларға тәрбие беруіміз керек деп ұғынамын.. Ұлағатты ұстаздарымыздың жас ұрпаққа білім беру барысындағы ұстанымдарын пайдалана отырып, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, білімді де мәдениетті, саналы, парасатты азамат тәрбиелеу осы ұстаздарымыздың арқасы.
Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. 
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. 
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар! 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға.
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға – деп, Абай атамыз айтқандай бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстазды құрметтеу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әрбір тәрбиеленушінің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Сол іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын жұмыстарға жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізіп отырады. Мен де ұстаздық жолымда аянбай еңбек етіп, жаңашыл ұстаз болып өз шеберлігімді іске асырып өмірде еш қиыншылықтан мойымайтын  шәкірттерге тәрбие  беріп отырмын деп айта аламын.
Ұстаздың осыншама қадір – қасиетке, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым – қатынас жасауында. 
Қазіргі заманымыздың мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. 
Бүгінгі білім мен біліктілік бәсекелес болып тұрған заманда шәкірттерінің биіктен көрінуіне күнделікті сабағындағы жаңашылдығы арқылы, жан – жақты тәрбие беріп жүрген ұстазымызды мақтап, мадақтай аламыз. 
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсек де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліппе үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарымызды  әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырамыз. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді деп өз ойымды аяқтағым келеді.

Просмотров: 666


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст