«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Курс туралы пікір

26.04.2019

25 ақпан мен 15 наурыз аралығында Ақмола облысы  бойынша Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» институтында Аембаева Аяжан Ешимбаевна жетекшілігімен өткен орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептерінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалқ кадрларының біліктілігін  арттыру курсын өттім. Кураторым Аяжан Ешимбаевна бірінші күннен сабақты жоспарлауды, саралап оқытуды, білім беру салаларын, тиімді оқу мен оқытуды, критериалды бағалаудың сабақты жоспарлаудағы басшылыққа алатын қағидаттары, ықшамсабақтың сабақты жоспарлаудағы ықпалы туралы, оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жақтарын қарапайым және де тереңдете түсіндіріп көрсетті. Қазіргі замануи ақпараттық технологиялардың арқасында балалардың ойлау қабілеттері ерте дамығандықтан сабақты әр түрлі тәсілдер арқылы оқушылармен жеке, топтық және тұтас сыныптық, яғни ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру. «Оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсетуді, белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастыруды түсіндіре білді. Кері байланыс арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтау міндетті түрде екендігін білдім. Өзімді оқушы ретінде сезініп, балалардың орнына қоя білдім.

Жалпы курстан алғаным өте көп. Теорияда және практикада көрсетілген мысалдарды болашақта тәжірибеде қолданамын деген мақсат қойып отырмын. Курс жетекшісі Аяжан Ешимбаевнаға айтар алғысым шексіз, және де биік белестерден көріне беруіне тілектеспін.

Просмотров: 1254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст