«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!

14.02.2019

Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!

 

Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, интерактивтік тақта, слайдтар, плакаттар, шарлар,

 

Өтілу барысы:

 

 1-жүргізуші:Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану:  Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасы»  атты  онкүндіктің аясында  өткізіліп отырған «Жүрекке жол тапқан мейірімді Сара Алпысқызы!» атты салтанатты жиынға  қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:  «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», - деп  Сара  Алпысқызы айтқан екен.   Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі, ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді? Әрине,бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде.Әрбір ата-ана баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру арқылы  өнерге деген қабілеттерін де дарыта алады.

 

1-жүргізуші:    Міне, Өзін-өзі тану пәні де адамгершілік құндылықтарды үйрететін өнер пәні.Бұл еңбекті жарыққа шығарған Қазақстан елінің бірінші ханшайымы Сара Алпысқызы Назарбаева анамыз. Ендеше, біздің бүгінгі байқауымыз әр баланың көзінен қуаныш отын, шуақ шашар ата-ана махаббаты мен жылулығын,жақсы қасиеттерді бойларына дарытуда, жетім көрсе жебеп, қолдаған,мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасаған, солардың бақыты үшін көп еңбек сіңірген Сара Алпысқызы Назарбаева анамызға және жүрек жұлуын төгер барша ата-аналарымыздың құрметіне арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» демекші, балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы.

 

Оқушы:

Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана

 

Ән «Асыл әжем»

 

 

2-жүргізуші: Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.

 

 

1-жүргізуші:Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Жуырда алтын жүрек анамыз - 73жасқа толмақ. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.

 

Оқушы: Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жасөскіндер  үйлері ашылды.

Оқушы:  «Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай, бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А. Назарбаева әр баланың жүрегіне жол таба білген, әр баланың бойына анаға, отбасына, туған жерге, досқа және өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын дарытқан мейірімді жан.

 

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман

Нұржан, Айгерім:   Ән «Ана туралы жыр»

 

Оқушы: Мен ойлаймын, Сара Назарбаева - нағыз қамқоршы ана. Себебі, өмір бізге сынақ ретінде беріледі. Ал біз ол өмірді түсіну керекпіз, қадірлеу керекпіз. Ал біздің анамыз оған көмектеседі. Барлығына қамқор ана, қайырымды жан атанған Сара Алпысқызына біз де алғыс білдіріп, шын жүректен туған күнімен құттықтаймыз!

 

 

Оқушы:       Бар жақсылық бір өзіңнен табылар

 Ұстазға тән қасиеті бәрі бар

Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған

                        Шәкіртіңнің жыр - пейілін қабыл ал

 

Оқушы: Қайырымды, мейірімді жан

Бұл дүниедегі

Әдемі әрі нәзік жан

Бұл өмірдегі

Жанашыр, балалардың тірегі

Кім десеңіз

Бұл - Сара Алпысқызы

Оқушы:

Өзің дара тұлғасың,

Мен үшін өзің данасың!

Мейірімді көзбен қарайсың,

Айналайын Сара ана!

Ұқсайды дархан көңілің,

Ұлан байтақ далаға.

Ұсындың бізге мейіріммен!

Өзін-өзі тану сабағы,

Берері мол бұл пәннің

Мың алғыс саған айтамын.

 

Ән  «Анашым»

Оқушы: Жанарыңыз мөлдір судай тұңғиық,

Тірі жанға жылы шырай нұр құйып.

Сіз шықсаңыз арқаланып қалушы ек,

Алдымыздан көрінгендей бір биік.

Таң атар деп әлі алдан арайлы,

 Аманаттап қалдырады талайды.

Өзін- өзі тану сан ұрпақтың санасы,

Жаңғыртуға ғибратты жарайды.

 

Оқушы: Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,

Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз,

Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып,

Әрқашанда алдыңызда бас иеміз.

Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ бізге

Бойыма күш бергендей қуат табам,

Шын көңілмен мен бүгін өзіңе арнап,

Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам.

Қиындықты көрсем де жасымаған,

Қамқоршым да өзіңсің, Сара апам.

Қуанышқа кенеліп әр күн сайын,

Жүре бер деп тілеймін есен- аман

 

Оқушы:

Жанарынан жылылық сезіледі,

Жүрегінен мейірім төгіледі.

Сара апаны ойласам өмірімнің,

 Төріндегі қиялы сөгіледі.

Сізді көрсем бақыт та көрінеді.

Сіз арқылы бақытым өріледі,

«Өзін- өзі тану» пәні арқылы,

Ажыраттым ақ- қараны өмірдегі.

 

 

Оқушы: Қазақстанға «Бөбек» қорын әкелген,

Көпбалағабақыт, шаттықәперген.

Көпбаланыңқұрғатыполкөзжасын,

СіздіТәңіржарылқасын, қолдасын!

Анажоққаанаболғанардақтым,

Әкежоққа пана болғансалмақтым,

Толғандырғанбалалардыңтағдыры

Тәрбиегекөңілбөлгенжанжақты.

«Өзінөзітану» пәніненгізді,

Қызықтырды, еліктірдібіздерді,

Жете берсінкөпжылдарғажасыңыз,

Аман болсынжанұяңыз, басыңыз!

 

Ән «Ана-Әке»

 

Оқушы:   Өзіңді тани білу, жақсыларға еру.

Өзіңді тани білу, тәрбиеге көну.

Әлемдеболсажақсылық, басқабақыт не керек.

Өзінөзі танусабағы — мейірімғойкеремет.

 

 

 

1-жүргізуші: «Бәрі де махаббаттан басталады...» деген Сара Алпысқызының сөзінде тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

 

2-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата - ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипасамаңдайымнаналақаның.

 

Оқушы: Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламынқамқорболарата - анаға.
Мен, доспындостықтуынкөккеұстар.
Мен, баламынболашақтаелінқорғар.
Мен, адаммыносыныңбәрінұғар.
Мен, қазақпынжақсылыққажанықұмар.

 

Бәрі кезекпен:

Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату - тәтті достарым мейірімді!

 

 

Оқушы: Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

 

1-жүргізуші:Қымбатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар! «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін, бала қайдан табылар?» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбексүйгіш,мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын!

 

Қуандық, Ұлықпан: Ән  «Туған күн»

Просмотров: 1424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст