Текст
30.03.2026

Наурыз мейрамына орай көрме ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары кеңінен таныстырылды. Оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетіп, ата - бабамыздан мұра болып қалған асыл құндылықтарды насихаттады. Наурыз - жаңару мен жақсылықтың бастауы!