«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі " КММ -нің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

26.02.2026

https://docs.google.com/document/d/1-amtMn3Udm_jJhuv71EaJUp0KGV1jSan/edit?usp=sharing&ouid=100124690437229653247&rtpof=true&sd=true

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп 2025

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы ақпарат.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» КММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі  есебіне  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 2025 жылы мемлекеттік көрестілген қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2025 жылы мемлекеттік  қызмет бойынша 29  қызмет  көрсетілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" қызметтік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0.

"Электронды үкімет порталы " арқылы - 13 қызмет.

Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -13

Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны- 3.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мектеп білім беру саласында 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2025 жылы білім беру ұйымы 29 қызмет көрсетті.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 13;

- ҚР электронды үкіметі порталы бойынша электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 13;

- қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -3;

 

3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

 

2. Қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «Гранитный кентінің негізгі орта мектебінің» КММ стендінен, мектептің http:http://sc0039.zerenda.aqmoedu.kz/ сайтынан, сондай-ақ Instagram және Facebook парақшаларынан алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.Мектептің сайтында "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

 

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп «Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» КММ сайтында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікірлер қалдыра алады.

 

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл ішінде тұрғындарға сұранысқа ие қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир жүргізілді.

 

2025 жылы «Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» КММ  әлеуметтік желілерде 9 жарияланым  болды. Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жақсарту шаралары.

 

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша техникалық оқуға қатысқан мектеп қызметкерлері мен қызмет көрсетушілер саны 2 қызметкер оқытылды: 2025 жылы техникалық оқу өткізілген жоқ."Гранитный кентінің негізгі орта мектебі" КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1)Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша  бір бұзушылық анықталды, жауаптылар жазаланды, бұдан әрі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзбауға міндеттенеміз.

 

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жылы бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің  бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік органдар азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «қызметтік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген және мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың қызмет сапасына қанағаттануы болып табылады. 2026 жылы “Гранитный кентінің негізгі орта мектебі” КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Просмотров: 2216

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст