Текст
26.02.2026

МИФ онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
Мектебімізде математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Онкүндік барысында ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, сайыстар мен түрлі танымдық іс-шаралар өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.
Онкүндіктің мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және білім сапасын көтеру болды.
Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
* Осындай білімге толы, мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!