Әдебиет оқу "Мені қоршаған орта"
Әдебиет оқу
|
Мектеп: Гранитный негізгі мектебі |
||||
|
Сабақ тақырыбы: Мені қоршаған орта |
||||
|
Күні |
Мұғалімнің есімі: Танманова Жанар Умирбековна
|
|||
|
Сынып 4 «А» |
Қатыспағандар саны
|
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.1.1.1 – шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру; 4.1.3.1 – шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру. |
|||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады. Көптеген оқушылар:Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді. Кейбір оқушылар:Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі. |
|||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алатын дағдысы жетілдіріледі. Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Көркем шығармаға пікірін білдіруге және оны дәлелдеуге, шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз пікірін білдіруді, сауатты жазу жұмыстарын жалғастырады. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты түсіне отырып, жоспар құруды түрлендіруді үйренетін әдістемені тәжірибеден өткізеді. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері: Әдеби мұра Әдеби көркем сөздер Халық ауыз әдебиеті Даналар нақылы Асыл сөз Шешендік |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, еңбекқорлық. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||
|
Басталуы |
Сергіту жаттығуы «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Қызықты тапсырмалар Сипатта Көпіршіктегі сөздер қай ғаламшарды сипаттайды?
Жауабы: |
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
|
Ортасы |
Дарқан жер Дескрипторы: Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді. Берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді. |
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
||
|
Аяқталуы
|
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі.
Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.
|
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
||

Түсініп оқы